Үздік сала қызметкерлерін марапаттады
Елімізде маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері өз кәсіби мерекелерін атап өтеді. Осы орайда аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Салтанатты шарада аудан әкімі Ерболат Садырқұлов сөз сөйлеп, ауданның үздік сала қызметкерлерін марапаттады. Республиканың, облыстың денсаулық сақтау саласының үздік мамандары көп жылғы еңбегі үшін медальдармен, Құрмет грамоталарымен, белгілермен және алғыс хаттармен марапатталды. Салтанатты шара мерекелік концертке ұласып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.