Тәрбиенің өзегі – балабақшадан басталады
14 Views«Театр – киімілгіштен басталады» деген сөз бар. Сол секілді бала тәрбиелеу ісінің алғышарты да балабақшадан басталатыны сөзсіз. Осы ұғымды мақсат еткен аудандық аналар кеңесі…
ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР!
Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет.
Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің айнасы. Ауданымыздың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан алға басуы да көп жағдайда өздеріңіздің жанкешті қызметтеріңіздің жемісіне байланысты.
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында ғана еліміз табысы мол, гүлденген мемлекетке айнала алады. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілейміз!
Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!
ҚҰРМЕТТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!
Ішкі істер органдары – мемлекеттік биліктің қоғамда құқық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылым. Халық сақшыларының кәсіби қызметі зор жауапкершілігімен, тәуекелге бел буумен ерекшеленеді. Еліміз дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап оның тыныштығының сақталуында Сіздердің еңбектеріңіз зор. 23 маусым жыл сайын Қазақстан полициясы күні ретінде аталып өтілуде.
Сіздерді Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге мемлекетіміз бен азаматтардың мүдделерін қорғау, қоғам мен ел тыныштығын сақтау жолында күш-жігер мен төзімділікті, әділдік пен жауаптылықты талап ететін құқық қорғау саласындағы абыройлы да адал еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Баршаңызға абыройлы қызмет және зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел тыныштығын тілейміз!
Аудан әкімі Е.Садырқұлов.
Аудандық мәслихат хатшысы Е.Әбутәліпов.