Қаржылық есептілік аудиті – мемлекеттік аудиттің маңызды бөлігі

354 Views

Мемлекеттік аудиттің мақсаты – бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъек­ті­ле­рінің активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру.
Өз кезегінде, қаржылық есептілік аудиті – мемлекеттік аудит объектісі қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйі­нің анықтығын, негізділігін бағалауға негізделген мемлекеттік аудиттің түрі болып табылады.
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұ­дан әрі – Департамент) Ішкі мемле­кет­тік аудит жөніндегі уәкілетті орган ретінде, өз құзіреті шегінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігі­не, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілігіне және мем­лекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жыл сайынғы аудит жүргізді.
Департаменттің 2021 жылға бе­кітілген мемлекеттік аудит объек­тілерінің тізбесіне сәйкес, «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды рет­теу басқармасы» коммуналдық мем­лекеттік мекемесінің (бұдан әрі — Басқарма), «Тараз қаласы әкімдігі­нің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Қаржы бөлімі) шоғырландырыл­ған қаржылық есептілігіне, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарма­сы Меркі ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қаржылық есептілігіне аудит жүр­гізіліп, нәтижесінде республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер­дің Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамызда­ғы № 468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларында» белгіленген көлемде және республикалық, жергілікті бюджет есебінен ұсталатын бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюд­жет­тi атқару жөнiндегi жергілікті уәкi­леттi органдардың шоғырлан­ды­рылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларында» белгіленген көлемде және нысандар бойынша шоғырландырылған қаржылық есептiлiктерін жасау мен ұсынуда қар­жылық есептіліктің бұрмалануына әкеп соққан бірқатар бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.
Аудитпен үш объект бойынша жалпы сомасы 138 002 934,0 мың тең­геге баланс валютасы қамтылып, жалпы сомасы 10 044 347,7 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішін­де қаржылық бұзушылық 1300,4 мың теңге (қаржылық есептілікке әсер ететіні 776,6 мың теңге, әсер етпейтіні 808,6 мың теңгеге), рәсімдік сипаттағы бұзушылық 10 043 047,3 мың теңге, есепті кезең үшін қаржылық есепті­лік­ке әсер ететіні 10 036 155,1 мың теңге, әсер етпейтіні 6892,1 мың теңге. Айта кететін жай, аудит бары­сын­да мемлекеттік аудит объектілерімен қабылдаған шаралармен анықтал­ған бұзушылықтар мен кемшіліктер қалпына келтірілді.
Ішкі мемлекеттік аудит қорытын­дысы бойынша тұжырымдарға сәйкес, қар­жылық есептіліктің бұрмалануы­на әкеліп соққан бұзушылықтардың орын алу себебі, Бюджеттік бағдар­ла­ма­лар әкімшілері мен Мекемелер­дің тарапынан бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласын­дағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтамаудан және есеп қызметкерлерінің 1-С Бухгалтерия бағдарламасын жетік меңгермеу салдарынан туындаған.
Сонымен бірге, аудит барысын­да анықталған өзекті мәселелердің бірі Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға қатысты болып отыр. Яғни, ауылдық жер­дегі жұмысы үшін лауазымдық айлық­ақыларының 25% мөлшерінде арт­ты­руға жұмыскерлерге үстемеақы ҚР Орман Кодексі мен Еңбек ко­дексі­мен қаралғанмен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы­мен қаралмаған және Жамбыл об­лысы әкімінің 2016 жылдың 11 сәуірдегі №123 қаулысымен орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi жасалмаған.
Осыған орай, Орман Кодексі мен Еңбек кодексін басшылыққа ала отырып, Жамбыл облысы әкімінің 2016 жылдың 11 сәуірдегі № 123 қау­лысына орман шаруашылығы мен су шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін қосымша енгізіп, өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз ету ұсынылып, нәтижесінде Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 12 ма­мыр­дағы № 17-3 шешімі шығарылып, мәселе шешімін тапты.

Поделиться ссылкой: