Көкжөтел дегеніміз не?
43 ViewsЖоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен және ауыр жөтелдің пайда болуымен сипатталатын жедел инфекция көкжөтел деп аталады. Көкжөтел — жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығын…
Жамбыл станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі 1934 жылы Түркістан-Сібір темір жолындағы Халықтық комисcариатының ішкі істер бөлімі болып құрылған.
1950 жылы КСРО мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі көліктегі күзет бөлімі, 1954 жылы Жамбыл станциясындағы желілік милиция бөлімі болып өзгертілген.
Ал 1980 жылы өрт сөндіру қауіпсіздігін бақылау бөлімшесі қосылуына байланысты Көліктегі Шығыс ішкі істер басқармасына қарасты Жамбыл станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі болып қайта бекітілді.1968 жылдан 1988 жылғы дейін үздіксіз 20 жыл бойы осы бөлімде ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері, көптеген ордендер мен медальдардың иегері, тыл ардагері, милиция полковнигі Байнамаев Елемес Байнамайұлы басқарған.
1993 жылдан бастап Көліктегі Шығыс ішкі істер басқармасына қарасты Луговой станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі болып өз алдына бөлініп шыққан. 1993 жылдан бастап бөлімге Шабаш Юрий Петрович басшылық еткен.
Қазіргі таңда Луговой станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы болып полиция подполковнигі Ербол Ермаханбетұлы Абдраманов қызмет етеді. Дәл қазіргі таңда аталмыш бөлімде 60-тан астам қызметкер қырағылықпен қызмет атқарады. Луговой станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағы Шу станциясының кіреберіс бағдар шамынан бастап, Ақыртөбе станциясына дейін және Шалдовар станциясы Қырғыз Республикасының шекарасына дейінгі аумақты қамтиды. Луговой станциясындағы желілік полиция бөлімінің жедел қызмет көрсету учаскесінің ұзындығы 270 км құрайды.
Жыл басынан бері бөлім қызметкерлерінің қатысуымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 500-ден аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, кінәлілер тиісті жазаға тартылған. Ал есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері есірткі қылмысының алдын алу мақсатында ағымдағы жылы 40 килограмнан аса зиянды затты тәркіледі. Мұның бәрі бөлімше қызметкерлерінің бірлігі және қызметке деген жауапкершілігі арқасында жүзеге асып отыр.