Департаменттің әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы тәжірибесі

402 Views

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасы Кодексінің «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі­нің (бұдан әрі-Кодекс) 722 бабына сәйкес әкімшілік істерді қарап, хаттамалар толтырады.
Сонымен қатар 207-бап бойын­ша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін 10-нан 100 АЕК-ке дейін (айлық есептік көрсеткіш), қайталанған жағдайда 200 АЕК;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп­тілік туралы заңнамасын бұзғаны үшін 238, 239-баптар бойынша жеке тұлғалар, лауазымды тұлғалар, заңды тұлғаларға 50, 100 АЕК мөлшерінде, қайталанған жағдайда 200 АЕК және 1000 АЕК дейін айыппұл салуға әкеп соғады.
– 250-бап бойынша міндетті аудит жүргізуден жалтарғаны үшін шағын 15 АЕК, орта – 20 АЕК, ірі-200 АЕК айыппұл салуға әкеп соғады;
– 267-бап бойынша мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ақшалай міндеттемелерді қабылдау бойын­­ша мемлекеттік мекеменің және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның (қазыналық кәсіп­орынның) лауазымды тұлғала­рының заңсыз әрекеттері үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;
Айта кету керек, жоғарыда аталған құқық бұзушылықтар Кодекстің 810, 811 бабына сәйкес, қысқартылған тәртіпке қаралуы мүмкін.
Бұл норма 7 (жеті) тәулік ішін­де айыппұл сомасын аталған санкция­сының 50% (елу пайызы) мөлшерінде айыппұл төлеу құқығын белгілейді. Онда хаттаманы толтырған уәкілетті тұлға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесін белгіленген үлгідегі түбіртекпен тапсырады.
Мұндай құқық пайдаланылмаған немесе тиісінше пайдаланылмаған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушы­лық іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзе­ге асырылады, яғни Департамент­пен Кодексте көрсетілген айыппұлдың толық сомасына қаулы шығарылады.
Департаментпен Кодекстің 462-бабының 3-бөлігі бойынша хаттама толтырып, ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарау үшін әкімшілік істер сотқа жіберіледі, онда заңды талаптарды немесе нұсқама­ларды орындамағаны немесе тиісін­ше орындамағаны үшін лауазымды тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
2022 жылдың 5 айында Депар­таментпен 787 әкімшілік материал қаралып, хаттамалар толтырылды (оның ішінде прокуратура органдарының ұсыныстары, тексеру комиссиялары­ның және ішкі аудит қызметтерінің материалдары бойынша), оның 30 материал сотқа берілді.
757 қаралған әкімшілік материал бойынша Департаментпен 60203,2 мың.теңгеге айыппұл салынып, оның 41 681,1 мың. теңгесі бюджет кірісіне өндірілді.
Өтелмеген сомалар бойынша әкімшілік материалдар мәжбүрлеп орындау үшін жеке сот органдарына жіберілді.

Жамбыл облысы бойынша
ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

Поделиться ссылкой: