Мерекелік құттықтау

413 Views

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ
МЕН ҚОНАҚТАРЫ!
Сіздерді елдік пен татулықтың туын көтерген, Сарыарқаның сайын даласына керегесін кең жайған Елорда күні мерекесімен шын жүректен
құттықтаймыз!
Біздің астанамыз – мемлекетіміздің басты мақтанышы, кең-байтақ отаны­мыздың жүрегі әрі символы. Сан ғасырдан бері азаттықты аңсаған рухты бабаларымыздың ар­маны болған елдің ордасы, ұлттық нақыштағы қайта­ланбайтын әсемдікке тұнған айрықша қала.
Қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы – саяси көшбасшылар, іскерлік серіктестер мен инвесторлар, конфессия өкілдері мен зиялы қауымның кездесіп, кеңес құратын орны. Бұл қала шығармашылық жоспарларды, инновациялық идеялар мен батыл бастамаларды жүзеге асыру алаңы.
1998 жылы Еуразия төрінде, Сарыарқаның төсінде заманауи Елорда бой көтерді. Бұл – халқымыз үшін аса маңызды тарихи оқиға. Біз елорданың қалыптасуының куәгерлеріміз!

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Уақыт озған сайын Нұр-Сұлтан қала­сы күнінің маңыздылығы артып, ол тек елорда­лықтар ғана емес, бүкіл еліміздің асы­ға күтетін мерекесіне айналды. Нұр-Сұлтан қаласы ең қысқа мерзім ішінде салынып, бүкіл еліміздің қарышты дамуының, әлем­­дегі сәулет өнеріндегі бірден-бір қайталанбас «Ға­сыр жобасына» айналды. Қазақстанның жас елор­дасы – қарыштап дамыған мемлекеттің, Мәңгілік Елдің символы. Баршаңызды Елорда­мыздың 24 жылдық туған күнімен құт­тықтай отырып, елімізге береке мен бірлік ті­лейміз. Елордамыз өсіп, өркендей берсін!
Қа­зақ елінің жүрегі мәңгі соғып, бас қала­сы одан әрі гүлдене берсін! Елордамыз ең­се­лі, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Аудан әкімі Е.Есіркепов.
Мәслихат хатшысы Е.ӘбутӘлІпов.

Поделиться ссылкой: