Музыканың әлемі – Төлебаев мектебі!
116 ViewsӨткен сенбіде Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы өздерінің 50 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Шығармашылық пен еңбектің жарты ғасыры» деген тақырыпта өткен Мэлс…
ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Баршаңызды айтулы мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Береке мен бірлікті арттыратын құтты мейрам – Құрбан айт адамдардың бір-бірімен етене араласуына, ынтымақтастығына жол ашады. Осы қасиетті күні халқымыз құрбандық шалып, бір-біріне тек жақсылық тілейді. Құрбан айт – кең пейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі.
Құрбан айт кезінде жетім-жесірді жебеу, мұқтажға қол үшін беру сияқты игі дәстүрлеріміз арқылы өзгеге өнеге болатын ізгі әрекеттер көрініс тапқан. Осындай асыл үрдістер ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.
Дін тірегі – имандылық. Имандылық әр адамды тек жақсы қасиеттерге тәрбиелейді. Әділет пен парасат жолымен ғана жүруге үндейді. Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері діліміз, тіліміз, дініміз қайта оралып, еліміз күн санап өркендеуде.
Қадірменді бауырлар!
Әрбір шаңыраққа шалқыған шаттық, баянды бақыт әкелетін мерейлі мереке Құрбан айтпен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға бақыт, береке тілейміз.
Құрбан айт мерекесінде жасаған барлық ықылас-ниеттеріңіз қабыл болсын!
Аудан әкімі Е.Есіркепов.
Мәслихат хатшысы Е.ӘбутӘлІпов.