34 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Бір кем дүние
949 Views
Бір уыс топырақ
Смағұл Сәдуақасов ерен ақыл-ойдың және батыл әрекеттердің иесі болған екен. Туған халқы үшін, өз ұлты үшін шын күрескер. Мұндай адам сол кездегі Мәскеуге ұнамайды-ақ. Ақыры Сталин өкіметі оны Ростов на Дону деген жаққа жұмысқа жіберіп, сол жақта белгісіз жұмбақ өлімге тап болады. Мәйітін Мәскеуге жеткізіп, крематорий дегенге салған ғой, күлі ғана қалды.
Смағұл әйгілі Әлихан Бөкейханның күйеу баласы еді. Әлекеңді сол жолы крематорийден Тұрар Рысқұлов, тағы бір қазақ, сірә, Нұрмақов, сүйеп алып шығады.
Сөйткен Тұрардың өзі де 1938 жылы көктемде Сталин тізімімен атылды.
Әлихан Бөкейханға да Сталин оғы атылды. Сүйегі қайда қалғанын білмеймін.
Есіл ерлерге, сөйтіп, туған жерден топырақ та бұйырмаған ғой.
Әттең, бір кем дүние.

