Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілетті органының 2022 жылдың 11 шілдесіндегі шешіміне сәйкес, «Құлан-Дән» несие серіктестігіне Республика бойынша ең жоғары көрсеткіш А.А.А рейтинг дәрежесі берілді. Бұл осы серіктестік қызметкерлерінің 19 жылдағы қажырлы еңбегінің нәтижесі. «Құлан-Дән» несие серіктестігі бүгінгі таңда 437 құрылтайшыны қамтиды. Тіпті, 2016 жылдан бері Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылынан бөлімше ашып, 140 құрылтайшыға жеңілдетілген несие беруде. Жұмыс атқарған жылдар аралығында серіктестік ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне 8,0 млрд.теңге мақсатты несие ұсынып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында қомақты қолдаулар көрсетті. Және бір айта кетерлігі, 9,6 млн.теңгеге тұрмыс жағдайына байланысты аз қамтылған жанұяларға, сондай-ақ, «Дулат баба», «Батырлар» аллеясы ескерткішін орнатуға гуманитарлық көмек те көрсетті. Ішкі ережеге сәйкес, рейтинг А.А.А-нің құрылтайшылар үшін тиімділігі:
– Несиелендіру процесіндегі ұсынылатын кепілдік мүліктердің құжатын тексеруден бастап, қарыз алушының есебіне несие қаражаты түскенге дейін және кепілдігі мүлікті кепілден шығару процестері жылдамдатылады;
– Құрылтайшылардың жарғылық қордағы салымына сәйкес, 1:23 несие желісі қолданылады;
– Келешектегі несие алушыларға 1 пайызға айлық сыйақылары төмендетіледі. (Серіктестіктің бос қаражатынан берілетін несие кірмейді);
Құрметті құрылтайшылар, әріптестер! А.А.А рейтингімізді келешекте сақтап, оның нәтижесін бірлесе пайдалану 437 құрылтайшылардың төл міндеті және абыройы екендігін тереңінен түсінуіміз қажет. Ардақты ағайын, ортақ қуаныштарыңыз құтты болсын! Бір болайық. Еңбектеріңіз жемісті де жеңісті болсын. Еліміз тыныш, халқымыз ынтымақты болсын.
Ізгі тілекпен басқарма мүшелері: Р.Адильбеков, Қ.Құлбарақов, С.Мамырбаев, М.Ибрагимов.