Адам өміріне қауіп төндіреді

572 Views

Құрметті аудан тұрғындары! Аудан аумағында маңызы бар автокөлік жолдардың жалпы ұзындығы – 673,43 шақырымды құрайды. Оның ішінде 96 шақырым республикалық маңызы бар жолдар болса, облыстық маңызы бар жолдар – 100 шақырым, ал, аудандық маңызы бар – 100,03 шақырым, елді мекен мен көше жолдары – 377,4 шақырымды құрайды. Мына заманда автомо­­биль­сіз заманауи өмірді елестету мүмкін емес. Жыл сайын шет елдерден әкелінетін, қол­даныс­та болған және елімізде шығарылатын автокөліктер саны артып келеді. Бірақ, өкінішке орай, жол көлік оқиғасы да азаяр емес. Жүргізушілердің кінәсінен болатын жол көлік оқиғалары барлық апаттардың көп бөлі­гін құрай­ды. Көлік жүргізушілердің жол ережелерін толық сақтамауынан мерт болғандардың және жараланғандардың саны ұлғайып барады өкінішке орай.
Мәселен, жыл басынан бері есеп­тесек, осы уақытқа дейін 66 жол көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылы бұл меже 50 болған. Яғни, өсім бар 32 пайызға. Биыл жол апатынан 19 адам көз жұмды. Былтыр ол 13 болған. 46 пайызға өскен. Ал, жарақат алғандар биыл 127, былтыр 77 болған. Мұнда да өсім бар, яғни 64,9 пайызға.
Енді сол оқиғаларды жолдардың маңыздылығы бойынша тар­қа­тып берсек дейміз.
Респуб­ли­ка­лық маңыздағы авто­жолдардағы жол көлік оқиғаларының саны – 34. Өткен жылы 24 болған, 41,7 пайызға өсім бар. Қаза болғандар саны – 15, былтыр – 10 болған. 50 пайызға өскен. Жарақат алғандар – 79, былтыр 41 болған. Яғни, мұнда да 45,5 пайызға өсім бар.
Жергілікті маңыздағы автожолдарда жол көлік оқиғаларының саны – 11. 2021 жылы 8 болған. 37,5 пайызға өскен. Қаза болғандар – 3, өткен жылы тек 1-еу болған. 200,0 пайызға өскен. Жарақат алғандар – 16. Былтыр 11 болған, көрсеткіш 45,5 пайзға өскен.
Елді мекендердегі көше жол желісіндегі жол көлік оқиғаларының саны – 21. 2021 жылы 18 болған. Былтырмен салыстырғанда 16,7 пайызға өскен. Қаза болғандар – 1. Өткен жылы 2-еу болған, бұл меже 50 пайызға төмендеген. Жарақат алғандар- 32. Былтыр 25 болған, 28,0 пайызға өскен.
Біздің тараптан жол көлік оқи­ғаларына талдау міндетті түрде жүргізіліп тұрады. Айталық, жол көлік оқиғаларының түріне келетін болсақ, жаяу жүргіншіні қағып кетуі – 16, аударылғандар – 23, тұрған көлікке соқтығысу – 1,бүйірден соқтығысу – 6, бір бағытта соқтығысу – 13, басқа себептермен соқтығысу – 2, басқа жерге соқтығысу – 3. Жылдамдықты асыру – 37, маневр жасау – 7, жол қозғалысы ережесін бұзған – 10, қашықтықты сақтамау – 6, алкагольдік ішімдігін ішіп рөлді басқару – 3. Сіз, күнделікті жаяу жүргінші, автокөлік, велосипед немесе басқа да көлік құралдарының жүргізушісі ретінде жол қозғалысының қатысушысы болып табыласыз. Сол себепті жол қозғалысы ережелерін білу – аса маңызды. Сақтықта – қорлық жоқ, ардақты ағайын! Осыны әрдайым қаперде ұстаңыз.

Аудандық полиция бөлімі.

Поделиться ссылкой: