Нұржан Нұржігітов: Кәсіпкерлер мен шаруалар бізге емес, біз оларға жұмыс істеуіміз керек

365 Views

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте азық-түлік тауарларының бағаларын бақылау, мониторинг жұмыстары, әлеуметтік дүкендердің қамтылуы, сақтау қоймаларының дайындық барысы туралы жан-жақты сараланды.– Әлеуметтік маңызы бар тауар­лардың бағасын бақылауда ұстау, тұрақтандыру жұмыстары – басты талап. Ол үшін бізде қажетті шаралар қабылданып, жоспар әзірленген. Бұл тұрғыда әлеуетіміз де жеткілікті. Дегенмен, осы орайдағы жауаптылардың жұмыстары ойдағыдай дей алмаймыз, – деген облыс әкімі бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысын сұрады.
Жиында сөз алған ауыл шаруа­шылығы басқармасының басшысы Көкөніс сақтау қоймаларының ағымдағы жағдайы және шаруашылықтармен жасалған форвардтық келісімшарттар жөнінде баяндады.
Облыс әкімінің шаруашылықтармен сауда орындары арасында делдалсыз өнімді өткеру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бүгінгі күнге дейін жалпы 17 мың тонна өнім көлеміне 204 дүкенмен келісімшарттар жасалған. Дегенмен келісім жасалған өнім көлемі әр ау­дан халқының тұтыну нормасы қажет­тілігінің 5 пайызын да қамтуға жеткіліксіз.
Аймақ басшысы осыған орай ерте пісетін өнімдерді делдалсыз тіке­лей дүкенге жеткізу үшін шаруа­шы­лық­тар­мен жұмыс жасау қажеттігін баса айтты.Өз кезегінде кәсіпкерлік және индус­­триялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев азық-түлік тауарына үс­теме ақыны 15 пайыздан асыра қо­сып сатқандар туралы мониторинг қоры­тындысын хабарлады. Оның айтуынша, үстеме ақы талабын бұзғандарға 16 ескерту берілген.
Облыс әкімі талапты бұзғандарға айыппұл салу, шаралар қолдану бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, «Алқаптан сөреге дейін» жобасының орындалуындағы кемшіліктерге тоқталып, соған сәйкес жауаптыларға қатаң ескерту жасады. «Айналым схемасы» бойынша аудандар тарапынан берілген өтінімдердің көлемі көңіл көншітпейтінін атап өтіп, бұл тұрғыдағы «Тараз» ӘКК» АҚ-ның әлсіз жұмысын сынға алды. Тиісті тұлғаларға Меркі ауданындағы пилоттық жоба тәжірибесін қолға алып, қалған аудандарда соны іске асыру міндеттерін жүктеді.
Жиында жергілікті отандық та­уар өндірушілермен өндірілетін тауар­ларды өткеруші сауда орындары ара­­сында жасалған тікелей және фор­вард­тық келісімшарттар іс жү­зінде нәти­жесіздігін, жасалған келісім­шарт­тардың негізінде жұмыстар бірқатар аудан­дарда ұйымдастырылмағандығы да айтылды.
– Мемлекет халықтың жағдайын жақсарту, тұрмысын арттыру бойынша ауқымды шаралар қабылдауда. Бұл орайда өңірлік деңгейлерде бағаны тұрақ­тандыру, бақылау жұмыстарының үз­діксіз жүргізілуі маңызды.
Осы орайда жұмысқа деген көз­қа­расты өзгертетін кез келгенін тағы да еске саламын. Кәсіпкерлер мен шаруа­лар бізге емес, біз оларға жұ­мыс істеуіміз керек. Жағдай жасап, қол­­дау білдіріп, тиісті жеңілдіктерге қол жеткізу үшін көмек көрсетуіміз қа­жет. Жауапты басшылар, мемлекеттік қыз­мет­­керлер осыны түсінуі тиіс, – деді Нұржан Нұржігітов.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: