Құрылыс саласында ауданда бірқатар жұмыстар атқарылуда
Тамыз айының екінші жексенбісі – Құрылысшылар күні. «Құлан таңының» тілшілері аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінен мәліметтер алды. Бөлім берген мәлімет мынадай. 2021-2022 жылдар аралығында Құлан ауылындағы «Арай» тұрғын алқабынан 80 пәтерлік 5 қабатты 1 және 2-ші үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігерлері «Сырым Блеке» және «Тараз Строй-2004» ЖШС-і. Аталған тұрғын үйдің инженерлік желілері мен абаттандыру құрылысы (1 нүкте) жүргізілуде және кәріз коллекторының құрылысы да жүргізілуде.
Сондай-ақ, Луговой ауылындағы 1 және 2-ші кезектегі тұрғын алқаптарының электр желісінің құрылысы жүргізілуде. Мердігер «Энергосервис» ЖШС-і. Бұдан бөлек, жағымды жаңалықтардың бірі десек болады, ауданымызда облыстық құрылыс басқармасы арқылы Құлан ауылы «Арай» тұрғын алқабында 300 орындық орта мектептің құрылысы бой көтеруде. «Арай» тұрғын үй алқабында тұрғын үйлерге жылыту жүйесін қосуға модульдік қазандық орнату бойынша мердігер анықталып, жұмыстар жүргізілуде. «Арай» тұрғын алқабындағы тұрғын үй кешенінде ішкі алаңның инженерлік желілері мен абаттандыру құрылысын салу 2-ші таңба құрылысына облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып, бірыңғай ұйымдастырушы Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасына жеңімпазды анықтау бойынша өтінім жолданды.
Сондай-ақ, аудандағы Құлан мектеп-гимназиясына, Қарақат ауылындағы №2 шағын орталықты орта мектебі және Алғабас ауылындағы Ы.Алтынсарин орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер «Ерк Астана» ЖШС-і. Сонымен қатар, ауданымызда спорт нысандарының құрылысын салу жоспарда бар жұмыс. Атап айтқанда, Көгершін, Ақыртөбе, Рахым Сәбденов ауылдарына дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын салу жоспарланған. Қазіргі уақытта мердігер анықталуда. Құрылыс-құрастыру жұмыстарына республикалық бюджеттен және жергілікті бюджеттің қаржыландырылуымен қаражат қарастырылды.
Көгершін ауылына 90 орындық мәдениет үйі құрылысы ағымдағы жылы басталады. Мердігер анықталуда. Құрылыс-құрастыру жұмыстарына республикалық бюджеттен және жергілікті бюджеттің қаржыландырылуымен қаражат қарастырылды.
1 спорт нысанының, 1 мәдениет, 1 көп қабатты тұрғын үй және инженерлік желілер құрылысы нысандары бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне бюджеттік өтінім жолданған. Қаражат бөлінген жағдайда төменде көрсетілген нысандардың да құрылыс жұмыстары басталатын болады.
Луговой ауылындағы жаңа тұрғын алқапқа ауыз су жүйесінің құрылысын салу, Құлан ауылы «Арай» тұрғын алқабынан 80 пәтерлік 5 қабатты (3-нүкте) үйдің құрылысы, Жаңатұрмыс ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу құрылысы және Жаңатұрмыс ауылындағы Сәтпаев көшесіне 90 орындық мәдениет үйін салу құрылысы жоспарланған.
Сондай-ақ, аталмыш бөлімде Көкдөнен, Құмарық, Қарақыстақ, Қайыңды ауылдарында мал өлексесін тастайтын Беккери шұңқырларының жобалық сметалық құжаттарын дайындау және Құлан ауылында қаңғыбас иттерді ұстап тұратын питомник салуға жобалық сметалық құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Ал енді жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптама қарауына жолданған жобалар туралы. Олар: Қызылшаруа елді мекеніндегі 90 орындық мәдениет үйінің жобасы, Еңбекші және Көкарық елді мекендерінде 140 орындық мәдениет үйі, Ақыртөбе ауылына 140 орындық мәдениет үйінің жобасы. Құжаттарға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған соң бюджеттік өтінім жолданып, құрылысы жүргізілетін болады.
Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі.