Негізгі міндет – мемлекеттік сапалы қызмет

430 Views

Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңына сәйкес, әр істе сапалы қызмет көрсету – еліміздің жарқын болашағына деген нық қадам. Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет күннен-күнге дамып, халыққа қолжетімді және тиімді бола түсті. Халық көрсетілген қызмет туралы толық мәлімет ала алады. Осыған орай, мемлекеттік қызметтер электрондық түрге ауыстырылды. «Е-лицензиялау» АЖ бағдарламасымен көрсетілген қызметтер:
1. Сауда-саттықты, конкурстарды, аукциондарды өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаске­леріне құқықтарды алу;
2. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
3. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
4. «е-gov» порталы арқылы жер учаскесін алу үшін кезекке тұру.
5. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды элек­трон­дық өтінім беру арқылы, яғни бала туғанда берілетін жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін және балаларға арналған жәрдемақыларды тағайындауға қажетті құжаттарды 1) жеке кабинет – «электрондық үкімет­тің» веб-порталындағы пай­дала­нушының кабинеті; 2) электрон­дық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі -ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыс­ты­ғын, оның тиесілігін және мазмұны­ның өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық қолтаңба ар­қылы жүзеге асырылады.
Электрондық цифрлық қолтаңба және бір реттік пароль көмегімен egov.kz сайты арқылы қажетті анықтамалар мен қызмет түрлеріне қол жеткізуге мүмкіндік бар екендігін ескерте оты­рып, барлық ауыл тұрғындарын ақпа­раттық технология мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалануға шақырамыз. Қазіргі уақытта Өрнек ауылы кітап­хана бөлмесіне «Цифрландырылған ақпараттық орталық» және Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы қажетті мемлекеттік қызметті алуға кеңес береміз.

Өрнек ауылдық
округінің әкімшілігі.

Поделиться ссылкой: