Елдік түбі – бірлік
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 3 наурызында Жарлығы шыққан болатын. Сол 826-Жарлықта «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін. Кездесулер барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін» деп жазылған. Осы мақсатты негізге алған аудан әкімі Ернар Есіркепов сәрсенбінің сәтті күнінде Абай ауылына барды. Мақсат – әуелі Мемлекет басшысының Жарлығында межеленген жоспарды орындау болса, екіншіден, абайлықтардың мұң-мұқтажын тыңдап, нәтижесінде сол шешімін таппай отырған мәселелердің шешілу жолдарын қарастыру. Кездесу біржақты өткен жоқ. Әдетте, халық арасында «әкім сөйлейді, біз тыңдаймыз» деген кертартпа сөз қалыптасып қалған ғой. Бұны аудан басшысы Ернар Серікәліұлы да өз сөзінде атап өтті. Яғни, ол: «Осындай кездесулерде көбіне-көп өзі сөйлегеннен гөрі халықтың талап-тілегіне баса назар аудару – басты миссиясы екенін» айтты.
Ол – солай болды да. Кездесуде аудан әкімі Ернар Есіркепов ауданның экономикалық даму перспективасына айрықша тоқталып, бірқатар салаларда өсім динамикасы қалыптасқанын атап өтті. Әкімнің әрбір сөйлеген сөзі нық әрі зерделі болды. Кезек сұрақ-жауапқа ойысқан сәтте де Ернар Серікәліұлы тұрғындар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға еш мүдірмей, дәйекті мысалдармен жауап беріп отырды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 3 наурызында Жарлығы шыққан болатын. Сол 826-Жарлықта «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін. Кездесулер барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін» деп жазылған. Осы мақсатты негізге алған аудан әкімі Ернар Есіркепов сәрсенбінің сәтті күнінде Абай ауылына барды. Мақсат – әуелі Мемлекет басшысының Жарлығында межеленген жоспарды орындау болса, екіншіден, абайлықтардың мұң-мұқтажын тыңдап, нәтижесінде сол шешімін таппай отырған мәселелердің шешілу жолдарын қарастыру. Кездесу біржақты өткен жоқ. Әдетте, халық арасында «әкім сөйлейді, біз тыңдаймыз» деген кертартпа сөз қалыптасып қалған ғой. Бұны аудан басшысы Ернар Серікәліұлы да өз сөзінде атап өтті. Яғни, ол: «Осындай кездесулерде көбіне-көп өзі сөйлегеннен гөрі халықтың талап-тілегіне баса назар аудару – басты миссиясы екенін» айтты.
Ол – солай болды да. Кездесуде аудан әкімі Ернар Есіркепов ауданның экономикалық даму перспективасына айрықша тоқталып, бірқатар салаларда өсім динамикасы қалыптасқанын атап өтті. Әкімнің әрбір сөйлеген сөзі нық әрі зерделі болды. Кезек сұрақ-жауапқа ойысқан сәтте де Ернар Серікәліұлы тұрғындар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға еш мүдірмей, дәйекті мысалдармен жауап беріп отырды.
Айталық, кездесу барысында аудан әкіміне абайлықтар ескі каналдарды қалпына келтіру, Абай және Жамбыл көшелерінің қиылысына, сондай-ақ, Жастар көшесінің бұрылысына асфальт төсеу, «жыр болған» жаяу жүргіншілер жолы құрылысын аяқтау, тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру мақсатында қолға алынған пилоттық жоба жөнінде сауалдар қойды. «Абай ауылында газ бар, ауыз су бар, жастар орталығы бар, жаңа медпункт салынған. Республикалық «Үлгілі ауыл» байқауынан жүлдегер болдыңыздар. Ұйымшылдығы жарасқан ауыл – Абай. Рас, мәдениет ошағы жоқ. Бірақ, ол жоспарда бар дүние. Көшені асфальттау мәселесін көтеріп отырсыздар, бұдан ешқандай мәселе жоқ. Биыл бюджеттің мәселесі межеленіп қойған, білесіздер. Десек те, үстіміздегі жылы сіздер көтерген жолдың мәселесі толықтай шешілетін болады. Ауыл әкімдеріңіз де іскер азамат. Таудан келетін ағын судан мәселе бар. Дәл осы ауыл «Пилоттық жобаға» енгізіліп отырғандықтан, біз бұл мәселемен айналысып жатырмыз. Республикалық «Қазсушар» мекесімен де сөйлестік. Тиісті жұмыстар жүргізілуде. Мәселе шешіледі. Жаяу жүргіншілер жолы да биыл бітеді. Оған алаңдауға ешқандай да негіз жоқ» деп жауап берді.
Бұдан кейін аудан әкімі Ернар Есіркеповтің дәл осындай халықпен кездесуі – Қорағаты ауылында өтті. Ернар Серікәліұлы да мұнда көп сөйлеген жоқ. Көбіне халықтың пікіріне құлақ түрді. Қорағатылықтар тарапынан жер мәселесі, пай үлестерін бөлу, жұмысқа орналасу, тұрғын үй, жол белгілерін орнату мәселелері көтерілді.
Жер мәселесіне қатысты аудан басшысы барлығы заң аясында жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Пай үлестерін бөлуде де шаруа қожалық жетекшілерімен тиісті жұмыстар жүргізілгенін айтты. Тұрғын үй, жұмысқа орналасу, жол белгілерін орнату мәселелері бойынша да толыққанды жауаптар айтып, тиісті сала басшыларына тапсырма жүктеді.
Кездесу соңынан аудан басшысы ауыл тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады. Қоғамдық қабылдауға жазылған ауыл тұрғыны Берікқазы Өсербаев «Ауылдық мәдениет үйі газдандырылса…» деген ұсынысын жеткізді. Аудан басшысы ақсақал ұсынысына:
– Қорағаты ауылдық мәдениет үйіне модульді отқазандық қойылған былтыр. Иә, рас, отқазандық көмірмен жылытылады. Дегенмен, ауылға газ былтыр тартылды. Енді жоспарлы түрде әлеуметтік нысандар газға ауыстырылатын болады. Дана қазақ «Елдік түбі – бірлік» деген. Ауылда ынтымақ, бірлік болса ғана тірлік алға басады. Ең бастысы, Қорағатыда газ бар. Ауылға қатынайтын жол теп-тегіс. Ауылішілік жолдарды да рет-ретімен жөндейтін боламыз. Бірлік бар жерде, береке бар әрқашан, – деп жауап қайырды.
Әкім сөзіне дән риза болған ауыл тұрғыны жауапқа қанағаттанатынын айтып, жұмысына сәттілік тіледі.
Марат Диханбай.