Келелі жиын өтті
23 ViewsОсы аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын өтті. Аталмыш кездесуге Қазақстан Республикасының…
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мемлекеттік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Азаматтығымыздың айшықты айғағы болған Ата Заң – Тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы. Мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындаған құжаттың қабылданғанына биыл – 27 жыл толып отыр. Осы аралықта біз іргесі мығым мемлекетке айналып, Ата Заңымыз тағдыр тоғыстырған көп этносты халқымыздың татулығы мен тұрақтылығына тұғыр болып келеді.
Бүгінгі Қазақстанның әлемдегі жоғарғы беделі – бұл біздің тікелей ішкі жетістіктеріміздің, бейбітшілік сүйгіш саясатымыздың және ірі халықаралық жобалардағы бастамашылығымыздың нәтижесі.
Еліміздің өзге аймақтарымен қатар біздің аудан да тұрақты даму үстінде. Әрбір қазақстандық Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді.
Сондықтан Заң бойынша өмір сүру және Ата Заңымызды құрметтеу – әр азаматтың борышы.
Барша аудан тұрғындарын Конституция күнімен құттықтай отырып, мемлекет игілігіне негізделген жұмыстарыңыздың жемісті болуын тілейміз. Ата Заңымыздың мерейі мен мәртебесі арта берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Аудан әкімі Е.Есіркепов. Аудандық мәслихат хатшысы Е.әбутӘліпов.