Ұлттық тәрбие – болашақ кепілі
38 ViewsӨткен жұмада Тереңөзек ауылындағы «Балауса» бөбекжай-бақшасында «Ұлттық тәрбие – болашақ кепілі» деген тақырыпта семинар өтті. Іс-шараның мақсаты – балалар бойына халықтың дәстүр танымындағы өсиеттерді…
Жайдарлы жаз мезгілі де аяқталуға жақын. Айналасы 1 аптаның ішінде жаңа оқу жылы да басталғалы тұр. Білім күні қарсаңында Луговой ауылындағы 03811 әскери бөлімі республикалық «Мектепке жол» акциясына қолдау көрсетіп, көпбалалы отбасы мүшелерінің алғысына бөленді. Атап айтсақ, жаңа оқу жылы қарсаңында 03811 әскери бөлімінің командирі, подполковник Кабиев Алмаз Серікұлының бастауымен дәл осы «Мектепке жол» акциясы аталмыш әскери бөлімде қолдау тауып, көпбалалы және мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған 1-сынып оқушыларына, яғни 10 балаға мектеп портфелі және оқуға қажетті құралдар табыс етілді. Одан бөлек, рота командирі, капитан Т.Ж.Турганбековтің атынан 1-сынып оқушысына мектеп формасы сыйға тартылды.
Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің қызметкері А.Кабиева бұл акция елімізде ұйымдастырылатын дәстүрлі іс-шаралардың бірі екенін айтып, жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында әскери бөлімнің жеке құрамы атынан мектеп оқушыларына материалдық қолдау көрсетіліп жүргенін атап өтті.
Айгерім Кабиева,
03811 әскери бөлімінің әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің қызметкері.