Ботулизмнің алдын алу
23 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
№23 БҰЙРЫҚ
2022 жылғы, 1 қыркүйек, Т.Рысқұлов ауданы
1.«Азаматтарды мерзімді әскери
қызметке шақыру туралы»
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-1V «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 4 наурыздағы «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерін запасқа шығару және Қазақстан Республикасы азаматтарын 2022 жылғы наурыз-маусым, қыркүйек-желтоқсандағы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 827 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2012 жылғы 15 мамырдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары» № 620 Қаулысымен бекітілген, Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының 2022 жылғы 9 наурыздағы «Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 48 бұйрығын, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің 2022 жылғы 9 наурыздағы «2022 жылдың наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке ұйымдастыру және жүргізу туралы» № 35 Қаулысын басшылыққа ала отырып, 2022 жылы ҚР ҚК қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру 2022 жылдың наурыз-маусым, қыркүйек –желтоқсан аралығында өткізілсін.
2. «Мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын азаматтар туралы»
2.1. Т.Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне келуге жататындар: 2004 жылы туылған, 18 жасқа толған, сондай-ақ, әр түрлі себептермен әскерге шақырылмаған және шақыру мерзімі ұзартылмаған 1995-2004 жылы туылған ер азаматтар.
2.2. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне және басқа әскерлері мен әскери құрамаларына мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын барлық ер азаматтар шақыру қағазындағы көрсетілген құжаттармен шақыру бөлімшесіне белгіленген күнінде және сағатында келуге міндетті. Шақыру қағазын алмаған ер азаматтар 2022 жылдың наурыз-маусым, қыркүйек-желтоқсан айларында Т.Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеке басын куәландыратын құжатын алып келуге міндетті.
3. «Мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды ҚІЖБ жеткізу»
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының негізінде мекеме, кәсіпорын, ұйым, оқу орындарының басшылары әскерге шақырылушыларды жұмыстан (оқудан) босатуға, іс-сапардан шақыртып алуға және шақыру бөлімшесіне уақтылы келуіне жағдай жасауға міндетті.
4. «Аудан аумағына уақытша келген азаматтар, шақыруға келмегендер жөнінде»
4.1. Т.Рысқұлов ауданында уақытша келген мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын ер азаматтар әскери есепте тұрған жерінде шақыру комиссиясынан өту үшін кідірмей тұрғылықты жеріне қайтуы тиіс.
4.2. Мерзімді әскери қызметке шақыруға уақтылы келмеген немесе шақыру комиссиясына келуден жалтарған ер азаматтар заң жүзінде жауапқа тартылады.