33 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Шыңдағы Шерағаң!
589 Views
Аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаұлының 90 жылдық мерейтойына орай «Шерхан оқулары» атты аудандық байқау өткізілді.
Байқаудың мақсаты – қазақ халқының мұңын, тілегін, аңсаған арманын, өмірі мен әлеуметтік, рухани бейнесін қамтитын Шерхан Мұртазаның шығармашылығын насихаттау. Жазушының есімін ел есінде сақтау және ұрпаққа еліміздің ұлы перзенттерін ұлықтау. Шығармашыл жастардың әдебиет пен өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Байқау кітапхананың тұрақты оқырмандары арасында өткізіліп, үміткерлер 3 кезең бойынша бақ сынасты.
Байқаудың нәтижесі бойынша қатысқан 12 үміткердің ішінен жүлделі І орынды Әбжапар ауылдық кітапханасының оқырманы Нұртөре Жорабек иеленсе, жүлделі ІІ орынды Тасшолақ ауылдық кітапханасының оқырманы Айша Сыздық, жүлделі ІІІ орынға Қорағаты ауылдық кітапханасының оқырманы Сандуғаш Рысбек ие болды.
Байқауға қатысқан барлық үміткерлер алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Байқауға қатысқан барлық оқырмандарға алғысымыз шексіз, оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тілейміз!
А.Искакова,
аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы.

