Шоқ тілді Шона
20 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
Тұрар Рысқұлов аудандық сотының азаматтық іс құжаттарына сай, А.С.-мен неке бұзу туралы талап арызымен жүгініп, алдағы уақытта отбасын сақтап қалу мүмкіндігі жоқ деп ойлады.
Істі сотта қарау барысында келген екі тарапқа татуласуға құқылы екендіктерін және дауды татуласу рәсімдерімен шешуді түсіндірді. Жақтар билер алқасының қатысуымен медиация тәртібін қолдану ұсынысын таңдады. Медиация Тұрар Рысқұлов аудандық билер кеңесінің мүшесі – би медиаторы У.Тойғанбековтің қатысуымен жүргізілді.
Аталған рәсім оң нәтижесін беріп, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті. Отбасылық жұп некені сақтау туралы шешім қабылдады.
Соттың ұйғарымымен, азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, азаматтық іс өндірісі қысқартылды.
Талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж қайтарылды.
«Құлан таңы» ақпарат.