Алдын алу іс- шарасы өтуде

323 Views

Аудандық полиция бөлімінің ұйым­дастыруымен аудан аумағында 2022 жылдың қыркүйек айының 14-і мен 16-шы жұлдызы аралығында «Борышкер – 2022» кешенді жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – полиция бөлімімен салынған айыппұлдарды өндіріп, облыстық қазынаға түсуін арттыру. Сондай-ақ, осы бағытта аудан тұрғындарына салынған айыппұлдарды уақтылы төлеу қажеттілігінің және осыған байланысты заңдылықтарды түсіндіру. Қазақстан Республикасы Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы кодексі 810-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің негіздері туралы.
Бірқатар баптары бойынша айып­пұлдардың 50 пайыз сомасы ғана салынады. Егер де 7 тәулік ішін­де айыппұл төленбесе, айыппұлдың 100 пайыз сомасы салынады. Сол үшін айыппұл салынған азаматтар 7 тәулік­тен кешіктірмей, уақтылы төлеуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы кодексі 893-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны өз еркімен орындау.
Айыппұл­ды әкімшілік жауапқа тар­тылған адам қаулының заңды күшіне енген күнінен бастап отыз күннен кешіктірмей төлеуге тиіс.
Әкімшілік құқық бұзушылық жаса­ғаны үшін салынған айыппұлды жеке немесе заңды тұлғаға, айыппұл салу туралы қаулыны шығарған, айып­пұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама бер­ген судьяға немесе органға (лауазым­ды адамға) жазбаша нысанда кейінен хабар­лай отырып, белгіленген тәртіп­пен мем­лекет­тік бюджетке енгізеді немесе аударады.
894-бап. Жеке адамға айып­пұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орын­дату.
Айыппұлды өндіріп алу туралы қау­лыны сот, уәкілетті орган жауапқа тар­тылған адамның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртібімен ұстау үшін оның жұмыс істейтін не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұжым­ның әкім­шілігіне жіберіледі. Айыппұл ал­ты айдан аспайтын мерзімде ұс­талады. Айыппұлды өндіріп алу кезегі Қазақстан Республикасының Азамат­тық кодексінде көзделген тәртіп­пен жүр­гізіледі.
Жауапқа тартылған адам жұмыс­тан шығып кеткен не оның жала­қысынан неме­се өзге де табыстарынан айып­пұл ұстау мүмкін болмаған жағдайда, ұйым­ның әкімшілігі жұмыстан босаған немесе жазаны орындауға мүмкіндік бер­меуге әкеп соғатын оқиға болған күн­нен бастап он күн мерзімде, жауап­қа тартылған адамның жаңа жұмыс орнын (егер ол белгелі болса), айыппұлды өндіріп алу мүмкін еместігі себептерін көрсетіп, сондай-ақ, ұстау жүргізілгені (егер ол жүргізілсе) туралы белгі соғылған қаулыны айыппұл салу туралы қаулы, айыппұл төлеу туралы нұсқама шығарған сотқа немесе уәкілеті органға қайтарады.
Егер айыппұл салынған жеке адам жұмыс істемесе немесе басқа да себептер бойын­ша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де табыстарынан өндіріп алу мүмкін болмаса, айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл салу туралы нұсқаманы оны шығарған сот, уәкілет­ті орган заңдарда көзделген тәртіп­пен мәж­бүр­леп орындату үшін мемлекет­тік сот орындаушысына жібереді.

Аудандық полиция бөлімі.

Поделиться ссылкой: