Адамдар арасындағы – мейірімділік
Қазақ танымында «Бір үй аш болса, бір ауыл аш, бір ауыл аш болса, бүкіл ел аш» деген қағидатты ұстана отырып, адам тағдырын бүтін бір ұлыс тағдырымен байланыстыра қарастырған. Осының негізінде қайырымдылық деген қайырлы қасиет әр қазақтың қанына сіңген. Мейірімді, қысылтаяң шақта қол созуға даяр тұратын, бауырмашыл адамдар қай қоғамның болмасын негізгі тірегі емес пе?!
Қайырымдылық – адамның адамға деген таза ниетін білдіретін көмегі. Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын жомарт жандар көбейіп келеді. Максим Горький атындағы орта мектепте де әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушыларға «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында көмек көрсетілді. Бұл акция елімізде жыл сайын ұйымдастырылады. Биыл да «Шекарасыз жақсылық!» ұранымен аталмыш қайырымдылық акциясы мектебімізде өткізіліп, қайырымды жандардың демеушілігімен әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына мектепке қажетті заттар табыс етілді. Атап айтсақ, жеке кәсіпкер Сайлыбаев Қуаныш Абдықызырұлы мектебіміздің 9 сынып оқушысы Аружан Тезекбайға мектеп формасы мен мектепке қажетті құрал-жабдықтарына 35000 теңгеге демеушілік жасаған болса, 2 сынып оқушысы Нұрсұлтан Ізбасаровқа мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Диана Тілеуқабыл 40 000 теңгеге мектеп формасы мен мектепке қажетті құрал-жабдықтарын оқу жылына орай сыйға тартты.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкер Эльмира Алимқұлова 7 сынып оқушысы Қанатбай Исламның мектеп формасы мен мектепке қажетті құрал-жабдықтарына 40 000 теңгеге демеушілік жасады. Лицей мектебінің мұғалімі Жанна Утеулиева 5 сынып оқушысы Шералы Нұржігітке 39 000 теңгеге мектеп формасы мен мектепке қажетті құрал-жабдықтарын алып берді. Желілік полиция бөлімінің қызметтік инспекторы Молдақұлов Аслан Талғатұлы 3 сынып оқушысы Айару Жүсіпбайға 48 000 теңге көлемінде көмек көрсетті. Луговой станциясы желілік полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Әлім Бекжан Болысбекұлы және осы ұжымның қызметкерлері 70 000 теңгеге 2 оқушыға, сондай-ақ, 4 сынып оқушысы Ақжүніс Шақабай мен 11 сынып оқушысы Азамат Сатуға мектеп формасы мен мектепке қажетті құрал-жабдықтарын алып берді. Аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы, аудандық мәслихат депутаты Айнұр Баймұратова мектебіміздің 9 сынып оқушысы Аружан Алимбековаға, 5 сынып оқушысы Али Санақбекке, 4 сынып оқушысы Нұржанат Кеңесбайға мектеп формасы мен мектепке қажетті құрал-жабдықтарын сатып алып беруге демеушілік жасады. Жеке кәсіпкер Берсигурова Оразкүл Әлиқызы мектебіміздің 3 сынып оқушысы Нұрбике Серікке, 5 сынып оқушысы Серік Тоймұратқа аяқ киім алуға жәрдемдесті. Жеке кәсіпкер Серікбай Райымқұлов 3 сынып оқушысы Нұрбике Серікке мектепке қажетті құрал-жабдықтарын алуға демеушілік жасады. Жалпы мектебімізде білім алатын әлеуметтік жағынан аз қамтылған 12 оқушыға жеке кәсіпкерлер тарапынан демеушілік көрсетілді.
Қазақ – табиғатынан қайырымды халық. Осы акция аясында демеушілік жасап, оқушыларға ерекше көңіл-күй мен оқу жылына талпыныс сыйлаған жандарға ҮЛКЕН АЛҒЫСЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ! Адамдар арасындағы мейірім гүлі солмасын!
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- «Максим Горький атындағы орта мектебі»
- коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп әкімшілігі.
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-