562 Views
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен облыстық «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігі мен аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйі бірлесіп, жуырда «Тіл – ұлттың жан дүниесі» деген тақырыпта фестиваль ұйымдастырды.
Фестивальдың мақсаты – «Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру және бәсекеге қабілетті жастарды қолдау, сондай-ақ, «Этносаралық және конфессияаралық келісім» тобындағы «Бейбітшілік пен келісім» жобасын қолдау.
«Тіл – ұлттың жан дүниесі» атты этно-мәдени бірлестіктердің мерекелік концерттік бағдарламасы бойынша «Бір шаңырақ астында» атты сахналық қойылым болды. Содан соң «Әдемі-ау» халықтық ән-би ансамблі «Домбыра» биін билесе, «Сударушка» халықтық фольклорлық ансамблі Н.Есембаевтың «Сәлем» әнін нақышына келтіре шырқады. Одан кейін де «Әдемі-ау» халықтық ән-би ансамблі тау халықтарының биі «Лезгинканы», неміс этно-мәдени орталығы «Полька» биін, татар этно-мәдени орталығы «Татар» биін билеп, залда отырған көрерменнің ыстық ықыласына кенелді. Фестиваль қорытындысы әншілер тобының орындауында Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен тәмамдалды.
«Құлан таңы» ақпарат.
Поделиться ссылкой: