Жылыту маусымына дайындық қалай?

488 Views

Күздің де келгені кеше болатын. Аздаған уақытты араға салсақ, қылышын сүйретіп, қыс та келетіні сөзсіз. Бұл нені білдіреді? Бұл – жылыту маусымына қазірден бастап мықтап қамдану керектігін анық аңғартады.
Жылыту маусымына дайындық қалай? Әлеуметтік нысандар толықтай отынмен қам­тылды ма? Аталмыш сауалдардың жауабын анық­тау үшін аудан басшысы Ернар Есіркепов бастаған мемлекеттік қызметкерлер өткен аптада аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында бас қосты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Талғат Айғасқаев, аудандық білім бөлімінің сек­тор меңгерушісі Бауыржан Самылтыров және «Құлан Энерго-жылу» мекемесінің басшысы Елнұр Сүлейменов баяндама жасады. Кеңесте жылу беру маусы­мына дайындық барысы талқыланды.
Жиында аудан басшысы білім бөліміне қа­расты кейбір мектептерде орын алған мәселелер туралы сөз қозғады. Нақтырақ айтқанда, бүгінгі күнге дейін түсірілген көмірдің өздігінен тұтану фактілерінің орын алуына байланысты комиссия құрып, себебін анық­тауды тапсырды. Сонымен қатар, кейбір мек­тептердің отқазандықтарына ағымдағы жөн­­деу жұмыстарын қазан айының 15-не дейін аяқ­тауды міндеттеді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: