КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІН АРДАҚТАДЫ

802 Views

 КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІН АРДАҚТАДЫ

 Елімізде биыл бесінші мәрте тойланып отырған «Еңбек күні» кәсіби мерекесі Елбасының Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамын құру идеясы аясында жүзеге асқан еді. Сейсенбі күні аталған кәсіптік мерекеге орай аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ  комитеті ұзақ жылдар білім саласында еңбек етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагер ұстаздарға арнап «Еңбегіне қарай құрмет, жасына қарай ізет» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Ұстаздар қауымы мен еңбек ардагерлері қатысқан кеште кәсіподақтың жастар қанаты тамаша көңіл-күй сыйлап, концерттік бағдарлама ұсынды. Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің акт залында «Еңбек күні» мен 1 қазан – қарттар күні сабақтаса өткен іс-шараны аудандық білім бөлімінің басшысы Еркін Сейтжапаров құттықтау сөзімен ашып берді. Келесі са кезекте сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов «Ата-бабаларымыздан келе жатқан үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету үрдісінен жаңылмай, комитеті өмірлік ұстанымызға балап, өнеге тұтатын болсақ келешегіміз зор болатыны анық. Бүгін екі мерекенің басын қосып аудандық білім саласының  кәсіподақ ұйымы жақсы бастама көтеріп отыр. Халқымыздың «Қарттарын сыйлаған елде қасиет бар, олар айтқан әр сөзде өсиет  бар» деген аталы сөзі бүгінгі кештің мазмұнын ашып тұр» дей келе, еңбекпенен есейіп, қазыналы қария, аузы дуалы ақсақалға айналған еңбек ардагерлеріне қандай құрмет көрсетілсе де аздық етпейтінін сөз етті.

Әсем әнмен өріліп, жырдан шашу шашылған мерекелік кештің соңында аудандық білім бөлімі кәсіподақ комитетінің төрайымы Айнұр Манатбекқызы ардагер ұстаздарға естелік сыйлықтар, жас мамандарға кәсіподақ билетін тапсырды.

М.СЕЙДАШЫМ.

mereke.ainakulov@mail.ru

Поделиться ссылкой: