Оңалту жұмыстары жүргізіледі
Оңалту жұмыстары жүргізіледі
Аудан жастары Фарида Қылышева, Эльвира Биғонысова және Асылзат Жаулыбай мүмкіндігі шектеулі
ауданға балаларды салауатты өмір салтына баулитын “Мейірім” орталығын ашты. Жастар республикалық «ZHAS PROJ ECT» жобасына қатысып, 1000000 теңге шамасындағы қайтарымсыз несиеге қол жеткізген орталық өкілдерінің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаларды салауатты өмір салтына бейімдеу, әртүрлі спорт түрлерімен шұғылдануға үйрету және олардың өмірге деген құштарлығын арттыру.
– Орталықта әзірге 17 бала тіркеуде тұр. Алдағы уақытта олардың саны артады деген сенімдеміз. Оңалту жұмыстары аптасына бір мәрте аудандық спорт кешенінде
жүргізіледі. Мұнда балалар өздеріне ұнайтын спорт түрімен айналысуына толық мүмкіндігі бар. Ауданымызда мұндай орталықтар жоқтың-қасы. Сондықтан біз қыздармен бірігіп, осындай орталықты ашуға бел будық. Бұл игі бастама әрқайсымызға өз ісімізді ашуға мүмкіндік береді деген ойдамыз. Мемлекетімізде дәл осындай жастарға арналған жобалар көбірек болса деген ниетіміз бар, -деп ұйымдастырушылар өз ойларымен бөлісті.
Айта кетерлік бір жайт, «ZHAS PROJECT» жобасына ауданымыз бойынша 28 жоба қатысқан. Оның ішінде 12-сі іріктеуден өтіп, қайтарымсыз несиеге қол жеткізді. Қазіргі таңда ауданның әр түкпірінде көптеген кәсіп түрі ашылуда. Ал біз өз кезегінде қоғамға қажетті, игілікті бастаманы қолға алған жастарға іске сәт дегіміз келеді.
Салтанат ҚАРАСАЕВА.