1 037 Views
Ақпараттық топ ауданымызда болды
Өткен аптада Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі жанынан құрылған дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері ауданымызға келіп, жергілікті жұртшылықпен жүздесті. Алдымен Құлан ауылшаруашылық коллед жінің студенттерімен кездескен «Нұр-Мүбәрак» Қазақстан-Мысыр Ислам мәдениеті университеті жанындағы «Әбу Ханифа» ғылыми- зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, теология ғылымдарының докторы, ақпараттық топтың мүшесі Мұхан Исахан «Теріс пиғылды діни ағымдардың жастардың санасына кері әсері және одан сақтану жолдары» тақырыбында дәріс оқыды. «Арқа тыныш болса, арқар ауып несі бар» демекші, теріс діни ағымдардың идеологиясына қарсы тұру мақсатымен келіп отырмыз. Мүмкін бұл ауданда діни ахуал тұрақты шығар, дегенмен, алдын алған жөн» деген ақпараттық топ өкілі діни ағымдардың қауіп-қатері мен одан сақтану жолдарын баяндады.

Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы Алмас Құлымбетов, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Өтеулиевалар қатысқан жиында студенттер тарапынан адаспас үшін дәстүрлі дініміз турасындағы дұрыс ақпараттарды қайдан алуға болатындығы, әлеуметтік желілердегі уағыздардың, уағызшылардың қайсысын тыңдау керектігі жөнінде көптеген сауалдар жолданып, тұщымды жауаптарын алды. Артынша аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен жиын өтті. «Зайырлылықтың түрлері және қазақстандық моделі» тақырыбын әңгіменің арқауы еткен кездесуден соң аудандық орталық мешіттің жамағатымен жолығып, пікір алмасты.
Мереке Сейдашым
Поделиться ссылкой: