Тәрбиенің өзегі – балабақшадан басталады
14 Views«Театр – киімілгіштен басталады» деген сөз бар. Сол секілді бала тәрбиелеу ісінің алғышарты да балабақшадан басталатыны сөзсіз. Осы ұғымды мақсат еткен аудандық аналар кеңесі…
Елбасының бастамасымен құрылған «Қоғамдық кеңес» уақыт өте келе әлеуеті артып, жаңаша серпін алып келе жатқандай. Олардың қоғамда орын алып жатқан түйткілді мәселелерді шешу барысында ептілік танытуы көңіл қуантады. Шындығын айту керек, біз қатысқан әрбір кеңес отырысында өзекті мәселелер талқыға салынып, өз шешімін тауып жатады. Қыркүйек айының соңында өткен жиында да күрделі сұрақтар қаралып, кеңес мүшелерінің бірнеше ұсыныстары назарға алынды.
Бұл жолы аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің үкіметтік емес ұйымдар және діни бірлестіктермен атқарып жатқан жұмыстары сараланды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Манарбек Тлепов, қоғамдық кеңес мүшелері, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен ауылдық мешіттердің имамдары қатысты. Отырысты аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Шорабек Атабаев ашып, жүргізіп отырды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Өтеулиева атқарылып жатқан жұмыстарын жан-жақты баяндап берді. Басшының айтуы бойынша 2018 жылы 18 үкіметтік емес ұйым Әділет басқармасының дерекқорына тіркелген, оның ішінде 11-і қоғамдық бірлестік болса, 7-еуі қоғамдық қор болып табылады. Алайда, саны көп ұйымдардың атқарып жатқан жұмыстары сын көтермейді. Тіпті, жиында «жұмыс сапасы төмен» деп пікір айтушылар да табылды. Дейтұрғанмен, нәтижелі жұмыстарымен көзге көрініп жүрген үкіметтік емес ұйымдар да бар. Олардың қатарына «Құлан нұры», «Элай-Құлан» қоғамдық бірлестіктерін жатқызып, ерекше атап өтуге болады.
Қоғамдық кеңестің отырысында аудандық дін саласы бойынша ақпараттық-
түсіндіру тобының жұмыстары да қаралды. Мемлекеттік дін саясаты мен қолданыстағы заңдылықтарды түсіндіру мақсатында 1 аудандық және елдімекендерде 15 ақпараттық-түсіндіру топтары құрылған екен. Олардың құрамында имамдар, ардагерлер кеңесінің төрағалары, учаскелік инспекторлар, білім бөлімі мен мектептің жауапты қызметкерлері бар. Топ мүшелерінің ұйымдастыруымен 2018 жылы 228 іс-шара өткізіліп, оған ауданның он бір мыңнан астам азаматы қамтылған. Дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде кеткен азаматтарды оңалту жұмыстары да өз деңгейінде жүргізілуде. Мысалы, өткен жылы олардың саны – 57 адам болса, үстіміздегі жылы 45-ке төмендеген. Атап айтар болсақ, дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанған 4 адам ауданнан көшіп кетсе, бүгінгі күнге дейін 5 адам қоғамға бейімделіп үлгерген. Сонымен қатар, тағы 4 адам оңалту орталығына беріліп, қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жалпы алғанда ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысына жақсы баға берілді.
Қоғамдық кеңес мүшелері алдағы уақытта аудандағы үкіметтік емес ұйымдардың бәсекелестік қабілетін көтеру мақсатында олармен семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер сынды нәтиже беретін жұмыстарды жүргізуді ұсынды. Сонымен бірге аудандағы діни ахуалды толық бақылауда ұстау мақсатында барлық мешіттердегі бейне бақылау қондырғы жазбаларын зерделеу, қажетіне қарай талқылауды басты назарда ұстау керектігін жеткізді.
Жиын соңында нәтижелі жұмысымен көзге көрінген бірнеше үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ