ЖСН алу мен азаматтық алудың айырмашылығы неде?

316 Views

«ЖСН алу мен азаматтық алудың айырма­шы­лығы қандай?» деген сұрақ жиі қойылады. Жеке сәйкестендіру нөмірі – ҚР азаматтарына туған кезде берілетін 12 цифрдан тұратын бірегей сандар комбинациясы. Шетелдік азаматтар ЖСН алу үшін ХҚО-ға жүгіне алады. Бұл ретте кез келген шет мемлекет азаматы ЖСН-ді кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін және қаржылық операцияларды орындау үшін ала алады. ЖСН алу мен азаматтық алу – екеуі екі бөлек нәрсе. Қазақстан Республикасы азаматтығын ҚР аумағында кемінде 5 жыл тұрақты тұратын адамдар; елде кемінде үш жыл тұратын ҚР азаматымен некеге тұрған адамдар, сондай-ақ, Қазақстан аумағында тұратын жақын туыстары бар адамдар ала алады.

Аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі.

Поделиться ссылкой: