Бұл өмірдегі ең қымбат нәрсе — көңіл

623 Views

Осы күндері өзіме көрсетіліп жүр­ген мемлекеттік жәрдем жө­нінде көп ойланып, ол кісілердің ат­қарып жатқан істері жайында сөз қозғағым-ақ келіп жүргенді. Сәті түсіп бүгін, бұйырған күні қолыма қалам алып отыр­мын. Қайткенмен, қарттық жа­сыма налыған емеспін, кемпірім екеу­міз әр күнімізге шүкіршілікпен қа­рап, қолымнан келгенше «Ата» деп сыйлаған әрбір жаннан ақ батамды аямаймын. Бүгін осындай көзге көріне бермес, қиындығы көп жұмысты еңсеріп жүрген «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің қызметкері Көбеева Ұлжан Әбдіманапқызының жұмысы әңгімеме арқау болмақ. Өзін арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан кел­ген­дігін айтып, амандығымызды білуге Уксинбай ата деп қол ұшын созып, аптасына бірнеше рет үй-жайыма жәрдемдесіп кетеді. Тірлікті былай қойып, Ұлжан қызымның хәл-жағ­дайымызды, көңіл-күйіміздің қалай екендігін, мазалап жүрген мәселелер болса тыңдауға дайын екендігін әр келгенінде сұрағаны жаныма жақын. Өз қызым келе жатқандай қуанып отырамын. Бұл өмірдегі ең қымбат нәрсе – көңіл. Әр келген сайын жұбайы­мыз екеуміздің көңіліміз ауланып, жадырап сала береміз. Әңгіме үстінде қажеттіліктеріміз бар жоғын түгендеп, қамқорлығы мен қызметін қоса атқа­ратын адал ниетті жанның бізге деген, «Уксинбай ата, Светлана апа» деген сыйластығын сағынып отырамыз. Сол Ұлжан қызымның арқасында біраз қарап тұрған тірлігім де бітіп, көңіліміз де жайланып, бір марқайып қаламыз. Мен ырза болғандықтан, тілеуін тілеп отырамын.
Жөн сұрай келе, көмек көрсетіп жүрген жандардың «Т.Рысқұлов ау­да­ны әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлі­мінің» КММ-де, үйде қызмет көр­сету жағдайында арнаулы әлеуметтік қыз­мет көрсететін бөлімшеден келе­тіндігін білдім. Жан-жақты созылған қолдардан қысып ұстап, алға қарай қадамдар жасаған сәбидей мәз күйге бөленіп, көмектескен сайын қыздарыма деген, әлеуметтік қызметті ықыласпен атқарып жүрген жастарға деген құр­метім арта түседі.
Осы тұста осы игі істі жүзеге асы­рып отырған «Т.Рысқұлов ауданы әкім­дігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің басшысы Назарбеков Айхан Жамбылұлына алғыс айтқым келеді. Басшының төңірегіне жиналып, жұды­рықтай бірлікте қызмет атқарып жүр­ген үйде қызмет көрсету жағ­дайында арнаулы әлеуметтік қыз­мет көрсету бөлімшесінің меңгеру­шісі Тілепбергенова Гүлмира Асим­­жанқызы, консультант Жұма­таева Динара Нышынғалиқызы, әлеу­меттік қызметтерге қажеттілікті баға­лау және айқындау жөніндегі әлеу­меттік қызметкері Қалиева Айнұр Тілеуғазы­қызы қыздарыма алғы­сым шексіздігін білдіре отырып, оларды игі жақ­сылар, сауап­ты істі жасаушылар деп білемін. Әсіресе, әр аптада ке­ліп, хәлімді біліп, қамқорлығын таны­тып жүрген қызым Көбеева Ұлжан Әбдіманапқызына ерекше рақмет айтамын. Сонымен қатар, Луго­вой ауылы әкімдігінің бас маманы Абдикаримова Гүлжан Лайляқұлқызына ерекше алғысымды білдіремін. Осы қызымның арқасында осындай қызмет барын естідім. Ол өзінің өте білімді, еңбекқор, сонымен қатар, өз ісінің шебер маманы екендігін көрсете білді.
Осы орайда Ұлжан қызымды және әріптестерін «Әлеуметтік қыз­меткерлер» мерекесімен шын жүректен құт­тықтаймын! Көмекке мұқтаж жан­­дарға қолдау көрсетіп, тер төгіп жүр­гендерің үшін шын көңілден шексіз риза­шылығымызды білдіремін. Ден­деріңе саулық, отбасыларыңа бақыт тілеймін. Жасап жүргендерің жақсы іс, елдің алғысын алып жүр­сіңдер, қарақ­тарым! Сендердің жұ­мыс­­та­рыңа сәттілік тілеп, ақ бата бе­ріп, жол­дарың­ның ашық болуына тілекшімін.
Алғыс білдірушілер: Беркімбаевтар отбасы.

Поделиться ссылкой: