Ұлттық мұраны жаңғыртудағы ЖИ мүмкіндіктері
48 ViewsБүгінгі цифрлық дәуірде ұлттық құндылықтарды ұлықтаумен ғана шектелуге болмайды. Оларды жаңа ұрпақтың танымына жақындатып, заман талабына сай жаңғырта білу – уақыт жүктеген маңызды міндеттердің…
Араға біраз жылдар салып, елімізде Республика күні қайтадан мемлекеттік деңгейде тойланатын болды. Дана қазақ мұндайда не дейтін еді. «Ұзағынан сүйіндірсін!» дейтін еді ғой. Осы сөздің киесін толықтай қолдап, қуаттаймыз. Ұлық мерекеміз ұзағынан болсын!
25-ші қазан күні аудан орталығына аз да болса, халық жиналды. Ең бастысы, мереке аталып өтпей қалған жоқ. Өз деңгейінде өтті. Аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары қойылым қойды, ән айтты. «Әдемі-аудың» бишілері би биледі. Спорттық жарыстар ұйымдастырылды көрген көз болса. «Іргесі берік елді жау ала алмас, ауызы бір елді дау ала алмас». Халық даналығы. Біздің осынау мерекелік кештен түйген ойымыз – осы.
Марат Диханбай.