2022 жылғы 27 қазан Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен  Жас сайлаушылар клубының кезекті отырысы өтті.

328 Views

2022 жылғы 27 қазан Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен офлайн және онлайн форматта Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Жас сайлаушылар клубының кезекті отырысы өтті. Отырысқа 50 адам қатысты. ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров Клуб қатысушыларын 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізудің ерекшеліктерімен, сондай-ақ сайлау науқанының барысымен таныстырды.  Жастардың сайлау процесіндегі электоралдық мәдениеті мен белсенділігін арттырудың маңыздылығы жайында ашық және мазмұнды талқылау болды.   Клуб қатысушылары өткен сайлау науқандарындағы  өздерінің кандидаттар, сенім білдірілген адамдар және ұлттық байқаушылар ретіндегі тәжірибелерімен бөлісті. Жастардың сайлау институтына деген қалыптасқан сенімсіздігінің, сайлау процесінің кейбір қатысушылары арасында құқықтық сауатсыздықтың болуына байланысты Орталық сайлау комиссиясының жас сайлаушылармен оқыту және ақпараттық-түсіндірмелі бағыттағы жүйелі жұмысты жалғастыруы туралы ұсыныстар айтылды. Бұл орайда қатысушылардың басым көпшілігі Орталық сайлау комиссиясының ағымдағы сайлау науқанында жастар ұйымдарының, саяси партиялардың өкілдеріне арнап өткізген семинарларын оң тәжірибе ретінде атап өтті.  Президент сайлауына байланысты сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету, ұлттық байқаушылардың құқықтарын сақтау, сондай-ақ жас электораттарға арналған ақпараттық-коммуникациялық жұмысты жаңғырту туралы ұсыныстар айтылды.   Отырысты қорытындылай келе, Ортсайлауком Төрағасы Клуб қатысушыларын жемісті ынтымақтастыққа және диалогқа, сондай-ақ 2022 жылғы 20 қарашада өз таңдауларын жасап, конституциялық сайлау құқықтарын жүзеге асыруға шақырды.

Поделиться ссылкой: