Ортсайлауком ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты  Д.М. Легкийді тіркеді

273 Views

Ортсайлауком ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты  Д.М. Легкийді тіркеді 2022 жылғы 31 қазанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.М. Легкийді тіркеу туралы» қаулы қабылданды.  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және Қазақстан Халық  партиясы Бюросының 2022 жылғы 22 қазандағы № 279/02-30 қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:  1) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің мүшесі Дмитрий Максимович Легкийге берілсін.  2) Дмитрий Максимович Легкий Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.   3) Дмитрий Максимович Легкийге белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.   Тапсыру барысында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Д. М. Легкийдің Қостанай облысында белгілі тұлға екенін атап өтті. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ тарих ғылымдарының докторы, профессор. 2016 жылы Қазақстан Коммунистік Халық партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат болды.  Отырыс соңында ОСК Төрағасы Д.М. Легкийге депутаттық корпус құрамындағы жаңа жұмысысына табыс тіледі.

Қазақстан Республикасы  Орталық сайлау комиссиясының  Баспасөз қызметі  тел. 75-23-69  v.zheksembekova@election.gov.kz

Поделиться ссылкой: