Жол қозғалысы ережелерін білу – аса маңызды

334 Views

Т.Рысқұлов ауданы аумағында автокөлік жолдардың ұзындығы жалпы – 673,43 шақырымды құрайды, оның ішінде 96 шақырым республикалық маңызы бар жолдар, облыстық маңызы бар жолдар – 100 шақырым, аудандық маңызы бар – 100,03 шақырым, елді мекен мен көше жолдары 377,4 шақырымды құрайды.
Бүгінгі күнде автомобильсіз заманауи өмірді елестету мүмкін емес. Шет елдерден әкелінетін, қолданыста болған және елімізде шығарылатын автокөліктер саны жылдан-жылға артып келеді. Бірақ өкінішке қарай, жол көлік оқиғасы саны да артып келеді. Жүргізушілердің кінәсінен болатын жол көлік оқиғалары барлық апаттардың көп бөлігін құрайды. Көлік жүргізушілердің жол ережелерін толық сақтамауынан, қауіпсіздік талаптарын дұрыс сақтамайтындықтан жолдарда мерт болғандардың және жараланғандардың саны ұлғайды.

Мысалы: жол көлік оқиғаларының саны 85 (2021 ж. 73) +16,4%-ға өскен, қаза болғандар 21 (2021 ж.14) +50,0%-ға өскен, жарақат алғандар 165 (2021 ж.138) +19,6 %-ға өскен.
Жолдардың маңыздылығы бойынша:
Республикалық маңыздағы автожолдарда жол көлік оқиғаларының саны 44 (2021 ж. 33) +33,3 % -ға өскен, қаза болғандар 16 (2021 ж. 11) +45,5 %-ға өскен, жарақат алғандар 98 (2021 ж. 74) +32,4 %-ға өскен.
Жергілікті маңыздағы автожолдарда жол көлік оқиғаларының саны 13 (2021 ж. 9) +44,4 %-ға өскен, қаза болғандар 3 (2021 ж. 1) +200,0 %-ға өскен, жарақат алғандар 22 (2021 ж. 16) +37,5 %-ға өскен.
Елді мекендердегі көше-жол желісінде жол көлік оқиғаларының саны 28 (2021 ж. 30) – 6,7 % төмендеген, қаза болғандар 2 (2021 ж. 2) бірқалыпты, жарақат алғандар 45 (2021 ж. 45) бірқалыпты.
Жол көлік оқиғаларына талдау жасау жүргізіліп келеді. ЖКО түріне келетін болсақ, жаяу жүргіншіні қағып кетуі –19, аударылғандар – 28, тұрған көлікке соқтығысу – 2, бүйірден соқтығысу – 6, бір бағытта соқтығысу – 16, басқа себептермен – 4, соқтығысу – 4, басқа жерге соқтығысу – 6.
Жол көлік оқиғаларының себебі: жылдамдықты асыру – 49, маневр жасау – 9, ЖҚЕ өрескел бұзған – 12, қашықтықты сақтамау – 12, алкагольдік ішімдігін ішіп басқару – 3.
Әрине, бұл жұмыстар осымен тоқталмайды. Алайда, Сіз, жаяу жүргінші, автокөлік, велосипед немесе басқа да көлік құралдарының жүргізушісі ретінде жол қозғалысының қатысушысы болып табыласыз. Сол себепті жол қозғалысы ережелерін білу – аса маңызды.

Аудандық полиция бөлімі.

Поделиться ссылкой: