Түсіндірме жұмыстары жүргізілуде
Түрксіб станциясы желілік полиция бөлімінің қызмет атқару аумағында қараша айының 9-ы мен 11-і аралығында республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Шараның мақсаты – қоғамдық орындарда қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу, қару-жарақтың, оқ-дәрілердің және басқа да тыйым салынған заттардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау. Осы тұрғыда жергілікті тұрғындарға, мектеп оқушыларына, жалпы халыққа, сондай-ақ, поезд жолаушыларына жеке заттарын қараусыз қалдырмау қажеттігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Осы ретте тұрғындарға мына жайтты хабардар еткіміз келеді. Теміржол аумағында қандай да бір қару мен оқ-дәрілерді байқап не болмаса көрген болсаңыз, шұғыл түрде Түрксіб полиция бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз.
Ераслан Есенғали,
Түрксіб станциясы желілік полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің азаматтық және қызметтік қару айналымы бақылау тобының инспекторы, полиция лейтенанты.