ЖАСТАР БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ

690 Views

ЖАСТАР БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ

Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қ а з а қ с т а н д ы қ т а р д ы ң  әл-ауқатын одан әрі арттыру жоспарларына ерекше тоқталды.

«Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты»-деген Елбасы халық табысының өсуіне әкелетін жоспарлар жайлы сөз қозғады. Бұл орайда ел Президентінің «… адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде, табыс артады» деген пікірімен келіспеу  мүмкін емес.

Елбасы келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялайтынын айтты. Расында да, болашақтың тізгінін ұстайтын жас ұрпақтың кемел келешегі бүгіннен бастау алады. Өңірлерде жастар саясатын жүзеге асырып, өнерге, спортқа бейім белсенді жастарды анықтап, оларға қолдау көрсету мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» да көптеген жұмыстарды атқарып келеді. Елбасының жүктеген жаңа міндеттері аясында бұл жұмыстар одан әрі өз жалғасын таба бермек.

Сондай-ақ, ұлт Көшбасшының «Бойскаут қозғалысы сияқты «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып,  мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейткен жөн» дегені де жас ұрпақты патриоттық тәрбиеге бейімдеуде маңызы зор. Осы мақсатта әскери-патриоттық бағытта жыл сайын өткізілетін іс-шаралар жоспары да басым бағыттардың бірі ретінде назарға алынатын болады. Ел сенімін арқалап, ел мүддесін ойлаған Елбасының Жолдауына қолдау көрсетіп, жүктелген міндеттерді іске асыру – әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті екенін жүрегімізбен ұғындық әрі оған қолдау көрсетеміз.

А.СӘРСЕХАН,

Жастар ресурстық орталығының директоры.

Поделиться ссылкой: