Жолдау жайлы өмірге жетелейді
Жолдау жайлы өмірге жетелейді
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауын мұқият тыңдап, танысып, көңілге қуаныш ұялады. Жолдаудағы басым бағыт мемлекеттің адам капиталының сапасын арттыруға қатысты болды. Жолдауда шағын бизнесті дамытып, оны өркендетудің тиімді жолдарын қарастыру туралы тың идеялары-халық табысын арттыруды көздеуі, отандық өнім өндіруге басымдық беруі-қуантарлық жайт. Коммуналдық қызмет пен табиғи монополияларды реттеу бойынша нақты тапсырмалар берілуі де-халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды шара. Еңбек өнімділігін арттырып, ауылшаруашылығын дамыту да – ауылдық жерлердегі шаруалар еңбегінің өз нәтижесін беруіне қосылған үлес екені айқын. Әсіресе қоғамның басты байлығы-адамның өмір сүру сапасын арттырып, тұрмыс жағдайын жақсарту, өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы тапсырмалары аз ғана уақытта оң шешімін табары сөзсіз. Ел болашағы-білімділікте екені айқын, сондықтан Елбасының мектепке дейінгі білім берудің сапасын арттыру, орта білім беру жүйесінде ауыл, қала мектептерінің оқыту сапасын НЗМ тәжірибесі аясында жоғары деңгейге көтеруге көңіл бөлуі-әлемдік стандартты меңгерген білікті жастарды тәрбиелеуге негіз болары анық. Балабақша қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру, педагогтар мәртебесін арт тыру бойынша тиісті шешімдер қабылдау қажеттігін ұсынуы – білім саласына жасалған үлкен қамқорлық. Ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, қарапайым медицина қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру шаралары да көңілге қонымды. Халыққа қолжетімді тұрғын үйдің болуы, ауланың қауіпсіздігі мен әдемілігі, қолайлы елдімекен мен сапалы инфрақұрылымның болуы да-мемлекет дамуының алғышарттарының бірі. Елбасы бұл бағытта бірқатар тапсырмаларды таяу арада шешуді тапсырды. Елбасының кезекті Жолдауының әр бағыты адами капиталдың дамуына мемлекеттің қолдауы мен зор мүмкіншілігі бар екендігін көрсетті.
Б.ӘЛПЕЙІСОВ,
аудан әкімінің орынбасары.