Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн
Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның ережесіне сәйкес жыл сайын 25-і қарашада «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізіледі.
Осыған орай ағымдағы жылдың қараша айының 25 мен желтоқсан айының 10-ы аралығында аудан аумағында мүдделі мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізілетін болады.
Акцияның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталып жатқан шараларды таныстыру болып танылады.
Аудандық полиция бөлімі.