Ағаш көшеттері отырғызылды
48 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Елімізде жастар қызыға көретін әзіл-қалжыңға толы бағдарламаның бірі – «Жайдарман» екені сөзсіз. «Жайдарман» қаралым жағынан да өзге бағдарламалардан көш ілгері болып тұр. Яғни, рейтингтік көрсеткішке ие. Бір жағынан қоғамда болып жатқан құбылыстарды жайдарманшылар уытты сөзбен түйреп, әзілге қосып жатады. Жастарымыздың бұл жобаны қызыға көріп, ден қоятын себебі де сондықтан болар, бәлкім!
Ауданымызда да «Жайдарман» ойыны кенже қалып тұр деп айта алмаймыз. Небір жақсы қомандалар шықты. Әлі де шығып жатыр. Бұлай деп айтуымызға жақында ғана аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Құлан агротехникалық жоғары колледжінде өткен жартылай финалдық ойын дәлел.
Ауданда «Жайдарман» ойындарын ұйымдастыру – тек жадағай сөз емес. Оның басты мақсаты – ауыл жастарының шығармашылық потенциалын арттырып, достық қарым-қатынасты нығайту.
Жартылай финалда өнер көрсеткен командалар сөйлеу мәнері, ой ұшқырлығы, мимика, ән мен би, әзіл-қалжың жағынан көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады. Ойын барысында командалар актерлік шеберлігі, ұтымды қалжыңдары арқылы қазылар алқасының көңілінен шыға білді.
Жартылай финалға 9 команда қатысып, нәтижесінде «Көз тимесін», «Болтай батыр ұландары», «Метеорит», «ТТТ», «Пирамида» командалары үздік шығып, финалдық ойынға жолдама алды.
«Құлан таңы» ақпарат.