Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Күні кеше саяси науқан да өз мәресіне жетті. Әлем сарапшылары мен байқаушылары жоғары баға берген науқанда өзі үшін емес, ел үшін абыроймен қызмет атқарған жандар жетерлік. Кеше солардың бірқатарына аудан әкімі Ернар Есіркепов пен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Тлепов құрмет көрсетіп, алғыс хаттармен марапаттады.
Тізбектейтін болсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың а лғыс хатына Партиялық емес байқау орталығы республикалық қоғамдық бірлестігі және жастар зерттеу қоғамдық бірлестік бақылаушыларының капитаны Марғұлан Мұсаханов пен №348 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Алтыным Жаналакова лайық деп танылыпты. Ал облыс басшысы Нұржан Нұржігітовтің алғыс хатымен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Тлепов, №362 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Ержан Бошкаев және «Жан жылуы» қоғамдық қорының жетекшісі Жәнібек Жүсіпов марапатталды. Жиында ҚР Орталық сайлау комиссиясының арнайы алғыс хаты да үлестірілді. Оған №349 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Гульзина Сатылғанова, №341 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Сандуғаш Иманқұлова және аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Талғат Иманбеков қол жеткізді. Сондай-ақ, жиында отызға жуық белсенділер облыстық сайлау комиссиясының алғыс хаттарымен марапатталды.
Жәнібек СҰЛТАН.