Жедел профилактикалық Алдын алу іс-шарасы өтуде
Жол картасының 2020-2022 жылдарға арналған жоспарының 26-тармағына сай, жол жүрісі қағидаларын қамтамасыз ету мақсатында Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында ағымдағы жылдың желтоқсан айының 5-11 күні аралығында Көлік комитетінің аумақтық бөліністерімен, жұртшылықпен, жергілікті атқарушы органдары, Жамбыл облысының кәсіпкерлік палатасының Т.Рысқұлов ауданындағы «Атамекен» филиалы мен Т.Рысқұлов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқарма өкілдерімен бірлесіп, «Автобус» республикалық жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты – заңсыз қайта жабдықталған автобустарды, сондай-ақ, техникалық жағдайы және конструкциясы бекітілген жол жүрісі қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келмейтін автобустарды (таксилерді) пайдалануға тыйым салуға шаралар қабылдау, кінәлі адамдар, оның ішінде осындай көлікті желіге шығарған лауазымды адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту. Көліктік бақылау инспекциясының, мемлекеттік кірістер органдарының және жұртшылықтың өкілдері қатарынан заңсыз автовокзалдарды, жолаушыларды тасымалдаушыларды, оның ішінде таксиді және облысаралық жолаушылар тасымалдауды, сондай-ақ, автотасымалдаушылардың еңбек және демалыс режимдерін бұзуды анықтау. Масаң күйінде көлік құралын басқарудың, жылдамдық режимін асырудың, сондай-ақ, басып озу, қарсы жүріп өту, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, жолаушылар мен ауыр салмақты жүктерді тасымалдау, қоғамдық көлік жүргізушілерінің рейс алдындағы және медициналық тексеруден өтуі, қауіпсіздік белдіктерін және балаларды ұстайтын құрылғыларды пайдалану және т.б. қағидаларды бұзушылықтардың жолын кесу болып табылады.
Аудандық полиция бөлімі.