Мерекелік құттықтау

374 Views

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуел­сіздік күнімен шын жүректен құттық­таймыз!
Еліміздің Тәуелсіздігі – ұлтымыздың ежел­ден еркіндік аңсаған асқақ рухының және ұлт тарихындағы барлық азаттық үшін болған күрестердің көк байрақты жеңісі. Сондықтан да Республикамыздың әр азаматы үшін Тәуелсіздік күні айтулы мереке.
Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа бер­ген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Бүгінде ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқы­мыз­дың бағындырған белестері, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылған мемлекетіміздің толағай табыс­­тары орасан. Тілегі татулыққа негізделген қазақ елін бүгінде әлем бейбітшілік бесігі деп мойындайды.
Құрметті жерлестер!
Біз тәуелсіздікке ақылмен, ата-баба жолымен қол жеткіздік. Елім деп еңіреп, халқым деп қайғырған батырларымыз, ұлттық теңдік пен азаттыққа үндеген алаш арыстарының, желтоқсан қаһармандарының арқасында қол жеткізген еркіндігімізді әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиіспіз. Бұл – біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз.
Егемендік алған 31 жыл ішінде әр салада жасалған жаңа­шыл бастама мен игілікті істер жеткілікті. Аудан тұрғын­дарының игілігіне арналған жаңа құрылыс нысан­дары салынып, әлеуметтік нысандар жөндеуден өтіп пайдалануға берілсе, агроөнеркәсіп саласы еңсе­сін тіктеп, кәсіпкерлік бағыттағы бірқатар қызмет көр­сету орындары ашылды. Мұның бәрі берекелі бірлігі­міздің арқасында жеткен жетістіктеріміз.
Аудан көлемінде уақыт талабына сәйкес жасалынған әрбір жаңартулар мен жаңғыртуларда әрбір тұрғынның еңбегі, лайықты үлесі бар. Алдағы уақытта да әлі талай игілікті істердің куәсі болатынымызға сенімдіміз.
Барша аудан халқын Қазақстан Республика­сының Тәуел­сіздік күнімен шын жүректен құттықтай оты­рып, еліміздің кемел келешегін нығайту жолын­дағы еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық, отбасы­лары­ңызға амандық, бақ-береке тілейміз!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлеке­тіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баян­ды болсын!

Аудан әкімі Ернар Есіркепов                                         Мәсли­­хат хатшысы Ербол ӘбутӘлІпов.

Поделиться ссылкой: