Сақтықта – қорлық жоқ

228 Views

Дәл қазіргі уақытта интернет-алаяқтық өзекті мәселелердің бірі. Соңғы жылдары қазақстандықтардың ұялы телефонына бейтаныс нөмірлерден қоңырау шалу жиілей бастағаны жоғарыдағы сөзіміздің айқын дәлелі. Заманауи құрылғыларды мықтап меңгерген әлгі әккілер қоңырауды әртүрлі нөмірлерден шалады. Егер атаулы нөмірге өзіңіз қоңырау шалсаңыз, алаяқтар әлеуметтік инженерияның дәстүрлі әдісін қолданады. Мысалы:
– Өзін банк қызметкері ретінде таныстырады және шоттар бойынша санкцияланбаған операциялар туралы хабарлайды.
– Клиенттерден құпия деректерді сұрайды.
– Олар ақшаны «қауіпсіз» шоттарға аударуға сендіреді.
– (Арнайы интернет программа арқылы) банк нөмірлерінен қоңырау шалуы мүмкін.
Мұндай жағдайда сөйлесуді тоқтатыңыз, банкке хабарлаңыз!
Есіңізде болсын!
1) Соңғы кездері ауданымызда да интернет-алаяқтық қылмысы жиі белең алуда. Яғни, белгісіз тұлға, өзін полициямын деп немесе банк қызметкері екенін айтып, сізге кредит рәсімдеп жатқанын, көмектесетінін айтып, банктың құпия кодын сұрау арқылы қаражатыңызды жымқыруы және сіздің жақыныңыздың фото суретін өзіне жүктеп, WhatsApp желісімен жалған жақыныңыз болып қарызға қаражат сұрау арқылы, сонымен қатар YouTube, Instagram, Telegram желісінде «Газ-мұнайгаз», «Халық-Банк» «Самұрық қазына» «ҚР Президентінің Қазақстан халқына қорына» атты бір қатар компаниялардың атынан жалған, пайызы еселеніп қайтарылатын инвесторлық қаражат салуға шақырады. Бұл – алаяқтық!
2) Ешқашан полиция және банк қызметкері сіздің шоттық құпия кодыңызды сұрамайды, жақыныңыз қарызға ақша сұраған WhatsApp желісіндегі нөмірге, қоңырау шалып, жақыныңыз екенінен көз жеткізуге, инвесторлық қаражат аударуда келісімшарт пен қаражат аударылатын есеп шоттық назар аударуға, маманға жүгіну арқылы қаражат аударуға кеңес береміз.
3) Банк өкілдері сізден банк картасының 16 таңбалы нөмірін, картаның алдыңғы жағында орналасқан оның қолданылу мерзімін және картаның артқы жағындағы 3 таңбалы CVV/CVC кодын хабарлауды/жолдауды ешқашан сұрамайды!
4) Ешбір жағдайда SMS-хабарлама арқылы келген кодтарды ешкімге жолдауға болмайды.
5) «Банк қызметкерлерінің» және үшінші тұлғалардың талабы бойынша Quisk Supp, Team Viewer, Any Desk және т.б. қосымшаларды телефондар мен компьютерлерге жүктемеңіз, көрсетілген қосымшалардың көмегімен алаяқтар сіздің құрылғыларыңызды толық бақылауға алып, шоттарыңыздан ақша қаражатын жымқырады.
6) Үшінші тұлғалардың талап етуі бойынша ақша қаражатыңызды сақтау мақсатында «қауіпсіз шоттарға» аудармаңыз. Бұл «қауіпсіз шот» деп отырғаны расында алаяқтардың құрығы!

Аудандық полиция бөлімінің
Криминалдық полиция бөлімшесі.

Поделиться ссылкой: