Түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Ағымдағы жылдың 12-15 желтоқсан аралығында Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында республикалық «Құқықтық тәртіп» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Аталмыш іс-шараның басты мақсаты – аудан аумағындағы қоғамдық орындар мен көшелерде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу. Сондай-ақ, ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған адамдарды тексеру де сала мамандарының назарынан тыс қалған жоқ. Сонымен қатар республикалық акция барысында саяжай алқаптары, демалыс аймақтары, құрылыс объектілері, базарлар, техникалық қызмет көрсету орталықтары, шаруа және фермер қожалықтары, шалғайдағы учаскелер, қыстаулар және басқа да шалғай жерлер тексеріліп, онда азаматтарды заңсыз еңбекке пайдалану, қару-жарақ заттарын заңсыз сақтау фактілерін анықтау тұрғысында тиісті тексерулер жүргізілді.
Шара барысында жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзған және сол үшін тиісті айыппұл алған көлік жүргізушілеріне де түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аудандық полиция бөлімі.