Аудан тұрғындарының назарына!

278 Views

Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімі 2022 жылдың желтоқсан айының 12-сі мен 15-і күндері аралығында облыс аумағында «Борышкер – 2022» кешенді жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатқандығы туралы хабарлайды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Т.Рысқұлов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жеке тұлғалардың өтемей жүрген автокөлік салығын және төленбей жүрген полиция бөлімімен салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп, облыстық қазынаға түсуін арттыру. Осы бағытта аудан тұрғындарына салынған әкімшілік айыппұлдар мен көлік салығын уақытылы төлеу қажеттілігінің және осыған байланысты заңдылықты түсіндіру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 810-бабы. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің негіздері туралы.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабы бойынша айыппұлдардың 50 пайыз сомасы ғана салынады. Егер де 7 тәулік ішінде айыппұл төленбесе, айыппұлдың 100 пайыз сомасы салынады. Сол үшін айыппұл салынған азаматтар 7 тәуліктен кешіктірмей, салынған айыппұлды төлеуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 893-бабы. Айыппұл салу туралы қаулыны өз еркімен орындау.
Айыппұлды әкімшілік жауапқа тартылған адам қаулының заңды күшіне енген күннен бастап отыз күннен кешіктірмей төлеуге тиіс.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлды жеке немесе заңды тұлғаға, айыппұл салу туралы қаулыны шығарған, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама берген судьяға немесе органға (лауазымды адамға) жазбаша нысанда кейіннен хабарлай отырып, белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджетке енгізеді немесе аударады.
894-бап. Жеке адамға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату. Айыппұлды өндіріп алу туралы қаулыны сот, уәкілетті орган жауапқа тартылған адамның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртібімен ұстау үшін оның жұмыс істейтін не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұжымның әкімшілігіне жіберіледі. Айыппұл алты айдан аспайтын мерзімде ұсталады. Айыппұлды өндіріп алу кезегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.
ҚР ӘҚБтК 896-бабы. Айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындауға жіберу туралы. Айыппұл салынған қаулы ерікті түрде орындау мерзімі өткеннен кейін атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларға он тәулік ішінде жіберіледі.
Егер айыппұл салынған жеке адам жұмыс істемесе немесе басқа да себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де табыстарынан өндіріп алу мүмкін болмаса, айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл салу туралы нұсқаманы оны шығарған сот, уәкілетті орган заңдарда көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін мемлекеттік сот орындаушысына жіберіледі.

Аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесі.

Поделиться ссылкой: