Мазасыз мамандықтың майталмандары – 2

374 Views

Газетіміздің өткен санында «Мазасыз мамандықтың майталмандары» деген тақырыппен көлемді мақала жариялаған едік. Сол мақалада аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің 2022 жылдың 11 айында атқарған жұмыстары жөнінде тәптіштеп жаздық. Елде орын алған жағдайды білесіздер. «Апаттың айтып келмейтіні» рас. Бірақ болған оқиғалар салдары жұмысқа селқос қарауға болмайтынын анық көрсетті. Біздің тілшіміз осы тақілеттес сауалды аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Нұрболат Қадырхановқа қойған еді. Жауап төмендегідей.

– Біздің ұжымдағы әрбір қызметкер жауапкершілікті жете түсінеді. Оның мысалын мына жұмыс нәтижесінен-ақ байқауға болады. Айталық, мектеп оқушылары арасында өрт қауіпсіздігінің алдын алу шараларын оқыту кезінде 8 мектепте, яғни 5-11 сынып аралығында оқитын 1985 оқушыға «Өрт қауіп­сіздігінің шаралары» атты 5 ин­терактивті сабақтар жүргізілді. Одан бө­лек, аудандық өрт сөндіру бөлімінде ашық есік күндері ұйымдастырылып, оған 296 оқушы қамтылды.
Аудан көлеміндегі өрттердің алдын алу мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес, улы газбен улану оқиғаларына жол бермеу, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары туралы өзіңіз еңбек ететін аудандық «Құлан таңы» газетінде және әлеуметтік желілерде 135 мақала жарыққа шықты. «Түркісіб темір жолы вокзалы» мен Құлан орталық базарында дауыс зорайтқыш құралдары арқылы 662 ақпараттық мақала оқылды. Құлан ауылының орталығындағы LED экранда және «Азаматтарға арналған үкімет» мекемесінің күту залында уланудың алдын алу шаралары мен өрт қауіпсіздігі туралы видеоролик үздіксіз көрсетілуде. Тиісті шаралар жылыту маусымының соңына дейін тұрақты атқарылып отырады.
Көктемгі су тасқынына қарсы «Көк­тем – 2022» республикалық коман­­далық-штабтық оқу жаттығу туралы айтар болсам, барлығы да бекітілген жоспарға сай жүзеге асты. Аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспеновтың басшылығымен, аудан әкімінің 2022 жылғы 1 ақпан күнгі №2 шешімімен бекітілген 93 адамнан және 32 дана түрлі техникалардан тұратын аудандық шұғыл әрекет ету жасақтары сапқа тұрғызылып, топ жетекшілерінің міндеттері тыңдалды.Оқу жаттығудың басты мақсаты – шұ­ғыл әрекет ету жасақтарының, топ жетекшілерінің міндеттері, су тас­қыны болған жағдайда онда жұмыл­дырылатын техникалар мен құрал-саймандардың күй-жайын, жұмыс атқару қабілеттерін тексеріп, пысықтау болып табылады. Оқу жаттығу кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша арнайы тактикалық жаттығу өткізілді. 2022 жылдың ақпан-наурыз айларында көктем мезгілінде жергілікті атқарушы органдар өкіл­дерінің, «Жамбыл су қоймалары» КММ-сі қызметкерлерімен бірлесіп, аудан аумағындағы Қорағаты ауылдық округінде орналасқан «Шілік», «Аққай­нар», Ақбұлақ ауылдық округінде орналасқан «Байтелі» (Новое), «Бело­горка», «Разъезд-98», «Әлденбай» секілді 6 су қоймалары мен өзендердің арналарының реттегіш қорғағыш бөгет­тері мен су қоймаларының жұмысқа қалыпты және қауіпсіз жағдайлары тексеріліп, актіленді.
«Жазғы шомылу маусымы кезіндегі алдын алу жұмыстарының нәтижесі қандай?» – деген сауалға бөлім басшысы:
«Жамбыл облысының су объек­тілері мен су шаруашылығы құрылыс­тарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімінің 2019 жылғы 7 тамыздағы №168 қаулысымен облыс аумағындағы 16 рұқсат етілген жерлер бекітілген. Осы жоғарыдағы бекітілген қаулының тізбесінде аудандағы «Қарақыстақ» тау шатқалындағы «Тау самалы» және «Қыстақ» демалыс орындары да бар. Одан бөлек, аудан аумағындағы шомылу және демалу үшін пайдаланылатын (соның ішінде бассейн) 4 бассейн орналасқан. 2022 жылдың 5 мамырында аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді. Шомылу және де­малу үшін пайдаланылатын (соның ішінде бассейн) барлық су айдындарына түгендеу жүргізілді. Демалыс орын­дарында судағы қауіпсіздікті және шомылу ережесін сақтау туралы аншлагтар орнату ұйымдастырылды. Рұқсат етілмеген аумақтарда суда шомылу мәселелеріне қатысты аудан тұрғындары арасында қауіпсіздік ережесі тақырыбында кеңінен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Азаматтардың су айдындарындағы қауіп­сіздігін қамтамасыз етуді ұйым­дастыру мақсатында күнделікті патрульдеу жүргізілді. Шомылу мер­зімінде су айдындарында қаза болуды алдын алуға бағытталған бірлескен іс-шаралар жоспары 4 сәуір күні аудан әкімінің орынбасарымен бекі­тілді. Жоспар бойынша іс-шаралар атқарылды.
Анықтама үшін:
– 2020 жылы – суға кету фактілері орын алған жоқ;
– 2021 жылы – 2 адам, оның ішінде 2 бала;
– 2022 жылы – суға кету фактілері орын алған жоқ;
Аудан аумағындағы өрт оқиға­ларының нәтижелері туралы сұрағаны­мызда, Нұрболат Қадырханов:
– Дала аумақтарында өрт қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету – азаматтық қорғаныстың аудандық құрылымы қызметінің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Жамбыл облысы әкімінің 2022 жылғы 5 сәуір күнгі бекіткен «Өрт қауіпті маусымында Жамбыл облысы аумағында өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» №71 және Т.Рысқұлов аудан әкімінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі №65 Қаулысына сәйкес, табиғи өрттерді жою және алдын алу бойынша іс-шаралар толық орындалды. Аудандағы 15 ауылдық округте 149 адамнан құралған 15 ерікті өрт сөндіру жасақтары құрылды. Ерікті өрт сөндіру жасағы 35 техника, яғни 30 трактор соқасымен, 5 өзге техникалармен жабдықталды. Шаруа қожалықтармен келісімшарттар жасалған. 160 дана өрт сөндіру құралы (хлопушка) және 15 аспалы өрт сөндіру құралдары дайындалды.
Анықтама үшін:
2020 жылы 2021 жылы 2022 жылы
Дала және орман өрті орын алған жоқ. 1 дала өрті орын алды
2021 жылғы 16-21 қыркүйек күндері аралығында Көкдөнен ауылдық округіне қарасты тау бөктерінде 650 га дала өртенді Дала және орман өрті орын алған жоқ.

Ағымдағы жылы өртке қауіпті кезеңде аудан аумағында 80 га (2021 ж.-40 га) жерде дала және таулы алқапта 25 жану оқиғасы тіркелді.(2021 ж. -650 га)
1 дала Көкдөнен а/о тау бөктерінде өрт тіркелді

Егін науқаны және астықты сақтауға арналған ауыл шаруашылық нысандарында және шаруа қожалық төрағаларымен өртке қарсы тақырыптарға үгіт-насихат жұмысы ұйымдастырылып жүргізілді. Үгіт-насихат жұмыстарының барысында егін орағына қатысатын техникалардың алғашқы өрт сөндіру құралдарымен және ұшқын жабдығымен жабдықталуына басты назар аударылды, – деп жауап қайырды.

М.Диханбай.

Поделиться ссылкой: