Қар көшкінінен сақ болыңыздар!

621 Views

2017 жылға дейін Жамбыл облы­сында қар көшкінінің қаупі бар учаскелер жоқ деп саналған. Себебі тау­лы аймақтарда қар көшкіні түсуі ықтимал жерлерде объектілер, құры­лыс­тар және адамдардың болуы мүмкін жер­лер анықталмаған.
Алайда, 2017 жылы Жуалы ауданы­ның аумағына енетін Көксай шатқа­лында орын алған Төтенше жағдай қар көш­кіні қауіпті жерлерде бақылаусыз бо­луы мүмкіндігін көрсетті. Осыған байла­нысты филиал мамандары Жам­был облысы төтенше жағдай депар­таментінің өкілдерімен бірлесе отырып, ағымдағы жылда таулы аудандардың аумағында қар көшкінінің қаупі бар аймақтарды анықтау мақсатында тек­серу жұмыстарын жүргізді.
Қар көшкіні – тау беткейлерінен құлай­тын немесе сырғитын қар мас­са­­лары. Олар адам өміріне және ша­руашылық нысандарға қауіпті та­биғи процесс болып табылады. Қар көш­кіндері еңістігі 15˚ асатын, биіктігі 30 см асатын қар жамылғысына ие барлық тау­лы аудандарға тән.
Көшкiн жинағыш – көшкін қалып­тасатын беткейдің құлама учаскесі. Үш бө­лікке бөлінеді: көшкiн туындайтын аймақ, көшкiннiң қозғалыс аймағы, көшкiннiң жинақталу аймағы (көш­кіннің ысырынды конусы).
Қар көшкiнiнiң көлемi – қар көш­кi­нінің шөгінділері деген сөз, текше метр­мен өлшенедi. Көшкiннің өздігінен түсуі – табиғи себептердiң салдарынан көшкiннiң құлауы. Көшкiннің табиғи жолмен түсуі мен адамдар әсерінен болатын көшкіндерді (жару, беткейге шығу және т.б.) ажырата білу қажет.
Қар көшкінінің алдын алу мақса­тында орындалатын қауіпсіздік шара­лары:
• Тұрғындарға желді және қарлы ауа-райында, 15-17 градусқа дейінгі қар жамылғысы қалың еңістігі бар тау баурайларына шығуға жол бермеу немесе шектеу қою;
• Сондай-ақ, күн күрт жылығанда немесе қардың қатты еруі кезінде қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды;
• Тауда саяхаттаған кезде қар көш­кі­ніне жол бермеу үшін қатты дыбыс шығармау;
• Адамдар арасында 10-20 м аралық­пен еңістік бойымен қозғалу қажет;
• Саяхаттағы барлық қатысушыларға бірдей аралықта белбеу немесе арқан байлау.
Қар көшкіні кезінде мына қауіпсіздік ережелерін жадыңызда сақтаңыз:
• Қарлы аймаққа шығарда, бұ­қаралық ақпарат құралдарынан көшкін, ауа-райы туралы ақпаратқа көңіл бөліңіз. Міндетті түрде тобыңызбен хабарлағыш құрылғыларды жадыңызға алып алыңыз. Оған қоса, барлық хабар­лағыш құрылғы қосулы тұрғаны абзал. Құрылғыны киіміңіздің ішіне са­лып қойғаныңыз жөн. Себебі, егер сөмке­ңізге салсаңыз, қар көшкіні кезінде сөмкеңізден айырылып қалуыңыз мүмкін;
• Жаныңыздағы серігіңіз көш­кін астында қалса, құрылғыны із­деу режиміне қойыңыз. Құрылғы қыз­метінің радиусы 50 метрге дейін жетеді. Осы аралықта жоғалған серігіңіздің хабарлағышын тапқан уақытта, сіздің құрылғыңыз қатты дыбыс беруі мүм­кін. Яғни, сіздің досыңыз құрылғы бағыттаған маңда;
• Егер құрылғы болмаған жағдайда, қауіпті аймақтан жоғалған адамды бір ғана адамның іздегені дұрыс. Ал қалған топ мүшелері оның қимылын бақылап тұрғаны жөн. Себебі, тағы да көшкін пайда болса, оны қар басқан маңды жаттап қалу керек;
• Білектеріңізге қызыл түсті жіп немесе бау тағыңыздар, көшкін кезінде бір-біріңізді табуға септігін тигізеді. Егер киіміңіз қызыл түсті болса, тіптен жақсы;
• Көшкін кезінде биік жерге, мы­салы, мүмкіндігіңізше, терекке өрмелеп шығып кетуге тырысыңыз;
• Егер аяғыңыздың астынан қозғал­ған қабатты сезсеңіз, бар күшіңізді жинап, көшкіннің шетіне қарай ұмты­лыңыз;
• Сөмкеңіз бен шаңғыңызды тас­таңыз. Себебі, мұндай жағдайда артық жүктің пайдасы болмайды;
• Көзіңізге түскен қандай зат бол­масын, тас немесе ағаш болсын, ұстап тұрыңыз. Ол сіздің өміріңізді құтқарып қалуы мүмкін;
• Көшкін астында қалсаңыз, ең бас­тысы, тыныс алу мүшелеріңізді қар тозаңы­нан сақтаңыз. Көшкін астында аяқ пен қолдың көмегімен кеңістікке шығуыңыз керек;
• Айқайлауға болмайды, себебі бұл күш жұмсауды керек етеді. Және де жоғарғы дыбыс әлсіреткіш қасиетінен сізді ешкім естімейді;
• Құтқарушыларға белгі беру үшін және сақ болу үшін қалғымау қажет.

Аудандық Төтенше
жағдайлар бөлімі.

Поделиться ссылкой: