Шоқ тілді Шона
19 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
(балықшыларға кеңес)
Мұз үстіндегі күмәнді жерлерді біліп жүріңіз.
1.Мұз су ағынында, көпірлердің астында, өзен арнасының бұрылысында және арнаның тар өткелдерінде әлсіз болады.
2.Мұз қамыстар мен балдырлы жерлерге жақын маңда жұқа әрі сынғыш болып келетінін есіңде сақта.
3.Қалың қар жамылғысының астындағы мұз әрқашан жұқа болып келеді.
4. Және де мұздың жұқа жамылғысы қатты ағынның үстінде немесе сарқырамалардың қасында өте жұқа болады.
Қысқы, күзгі-көктемгі балық аулау тәжірибесі келесі талаптарды орындауды ұсынады:
1.Балық аулау үшін арақашықтығы жақын жерден көп тесік жасамаңыздар.
2.Бір жерде көп адамның жиналуына жол бермеңіздер.
3.Өзеннің сағасында тесік жасамаңыздар.
4.Әр қашанда қол астыңызда 15-20 метрлік арқан болсын.
5.Мұз қатпарларында балық аулау үшін мұзды кеспеңіздер.
6. Адам санының көп жиналуына қарап балық аулаудың уақыты, орыны, ұзақтығы және тағы да басқа мәліметтерді білуге болады.
7.Мұз үстінде балық аулау кезінде алкогольдік сусындарды қолдануға жол бермеңіз.
8. Мұз үстінде балық аулау барысында төтенше жағдай туындаған кезде көмекке шақырып, құтқару шараларын жүзеге асыру үшін бір топ адамның жағада болғаны дұрыс.