Қауіпсіздікті қатаң сақтау ‑ аса маңызды
Жуырда аудан әкімі Ернар Есіркеповтың тапсырмасына сәйкес, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы, ветеринария, төтенше жағдай бөлімдері және ауылдық округ әкімдері бірлесе отырып, мал қыстату орындарына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Айта кетейік, аталмыш жұмысшы топ аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспеновтің жетекшілігімен жұмыс атқарып, сапар барысында олар шопандар мен төрт түліктің жағдайын бағамдап көрді.
Аудан басшысының өкімімен арнайы құрылған жұмысшы топ «Ақнар», «Көкшұрат», «Тай сойған», «Үмбет», «Шарбақты» сияқты мал қыстату орындарында болып, төрт түліктің жай-күйімен танысты. Сонымен қатар, шаруа қожалықтардың мал азығы және қысқы отынмен қамтылуына баса көңіл бөлді.
Сондай-ақ, қыстақтағы азаматтарға қысқы жылыту маусымында қауіпсіздікті қатаң сақтау бойынша нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аудан әкімінің
баспасөз қызметі.