Қазақ руханиятының көрнекті тұлғасы
57 ViewsИлья Жақанов қазақ өнері мен әдебиетінде өзіндік қолтаңба қалдырған шығармашыл тұлға ретінде танылды. Ол тек әдеби шығармалар жазып қана қоймай, қазақ музыкасының тарихын зерттеуге…
Жуырда аудандық пробация қызметі мен аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығының» мамандары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумның басты мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру жүйесі бойынша көмек көрсету және аудан көлемінде өтіп жатқан спорттық, мәдени іс-шараларға тарту, қайталап қылмыс жасаудың алдын алу бойынша үгіт-насихаттар жүргізу, аудандық пробация қызметіне көмек беру болып табылады.
Жасалған меморандум бойынша аудандық пробация қызметі мен жастар ресурстық орталығының мамандары есепте тұрған тұлғалармен айына бір рет тәрбиелік іс-шаралар өткізуге уағдаласты.
А.Сукенов,
аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет майоры.