Тіл – рухани байлық

1 019 Views

Тіл қай елде болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалып отырған асыл мұра.
Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақ тілі – Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп анық жазылған.
Бір тілде сөйлеген халықтың ынтымағы артады. Тіл мен қарым-қатынас біріккенде ғана сыйластық, достық, адамгершілік пайда болады. Мемлекеттік тілді меңгеру елдің бірлігін білдіреді. Сонда мемлекеттік тіл – татулық тірегі болады деп айтамыз.
Мемлекеттік тіл үшін күресу заңға қайшы емес. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру әр азамат­тың парызы. Мемлекеттік ана тіліміздің қаді­рін біліп, қазақ тілінде дұрыс сөйлесе білу – әр­бір Қазақстан Республикасы азаматының міндеті деп білемін.

С.Узбеков,
аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы.

Поделиться ссылкой: